СІМ Сауд Арабиясында жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясында жүрген азаматтарды елдегі азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.
Ведомство отандастарымызға жергілікті биліктің нұсқауларын орындап, аса қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауға кеңес берді. Сондай-ақ әуе рейстерінің мәртебесін алдын ала тасымалдаушы компаниялардан нақтылап, адам көп жиналатын орындар мен қауіпті нысандардан аулақ болу ұсынылды. Мүмкіндік болса, шұғыл емес сапарларды кейінге қалдырған жөн.
Төтенше жағдай туындаған кезде Қазақстан азаматтары Эр-Риядтағы елшілікке немесе Жидда қаласындағы Бас консулдыққа хабарласа алады.
Шұғыл байланыс нөмірлері: Эр-Риядтағы консул: +966 55 663 01 77
Жиддадағы консул: +966 53 275 80 80
СІМ азаматтарды ведомствоның және Сауд Арабиясындағы құзырлы органдардың ресми хабарламаларын бақылап отыруға шақырды.