Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер 13, 14 және 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.Болжамға сәйкес, алдағы тәулікте, Қазақстанның солтүстігінде температура біртіндеп төмендейды.
Мұның себебі — Солтүстік-Батыс антициклоны.
«Ол республиканың барлық аумағында таралса да, батыста ыстық ауа райы сақталады. Сонымен қатар, фронталь бөліктер Республиканың орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына ауысады, солайша жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауып, қатты жел болуы мүмкін», — делінген хабарламада.
Ауа температурасы:
- республиканың солтүстігінде түнде +10 +18 градустан +5 +10 градусқа дейін, күндіз +23 +30 градустан 18 +23 градусқа дейін жылы,
- күндіз батыста +32 +40 градус,
- солтүстік-батыста +28 +38 градус,
- орталықта +22 +33 градус,
- шығыста +20 +28 градус,
- оңтүстікте +32 +42 градус,
- елдің оңтүстік-шығысында күндіз +22 +32 градустан +25 +35 градусқа дейін жылы болады.