Саясат

СІМ Мұрат Нұртілеудің кездесуде отырған суретін жариялады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Harvest Group» компаниясының жетекшілерімен кездескен.

Фото: СІМ

Кездесуде агро-индустриалды кластер құру мәселесі талқыланды. Жоба аясында алғашқы кезеңде Жетісу және Алматы облыстарында 150 мың гектар жайылымдық және пайдаланылмай жатқан жерлерді суармалы егістікке айналдыру жоспарланып отыр, деп хабарлады СІМ.

Фото: СІМ

Кездесу кадрларында министрдің қалыпты жағдайда отырғаны байқалды.

Айта кетейік, кеше Orda.kz басылымы Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат таратқан еді. Алайда бұл мәліметті ресми билік жоққа шығарды.

Алайда, Orda.kz-тің жазуынша, СІМ жариялаған суреттер мен мәтіндер шілде айындағы кездесу туралы хабарламамен сәйкес келеді. Басылымның фактчекингіне сүйенсек, дәл осы кездесу 1 шілде 2025 жылы өткен. Министрліктің жаңа хабарламасында кездесудің өткен күні нақты көрсетілмеген.

Сайт Әкімшілігі