Смайылов «Казақстан» шахтасында қаза тапқан кеншілердің жақындарымен кездесті
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасында болған жағдай бойынша кеңес өткізді.
Үкімет басшысы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Смайылов оқыс оқиға кезінде қаза тапқан және жоғалған кеншілердің туыстарымен кездесті.
Қазір шахтада екі кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Кездесу барысында жоғалған адамдардың жақындары кеншілердің қашан табылып, жер бетіне шығарылатыны туралы сұрады.
Смайылов барлық қажетті шара қабылданып жатқанын айтты.
— Қазір ол жерде адамдар үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Сонымен қатар, өртті сөндіру де жүріп жатыр, — деді ол.
Премьер-министр барлық кінәлі жазаланатынын атап өтті.