Саясат

«Соғыстың құны – қураған мың бас...»

Бұқаралық ақпарат құралдарыбаяғыдай «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» деп, алаулатып-жалаулатып бермесе де,азды-көпті айтылып жатыр.

Jasalash.kz

Қалай айтсақ та, ол өткен тарих. Сызып тастайалмайсың. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайтыны анық. 9 Мамырды «Ұлы Жеңіс»дейміз бе, әлде басқаша атаймыз ба – мәселе онда емес. Не десек те, «әлемдінеміс ұлтының табанына салып таптаймыз» деген гитлерлік фашизмнің күйрегенкүні. Демек, Жеңіс деп атауға тұрады.

Кешегі Кеңес елі «Ұлы Отансоғысы» деп, өзге жұрт «Екінші дүниежүзілік соғыс» деп (72 мемлекет тікелейжәне жанама түрде қатысқан) атаған 1941-45 жылдар аралығында болған қанды қасападамзат тарихында мәңгі қалары хақ. Алайда өткен соғысқа бүгінгі көзқараспен қарап,майдан даласында көзсіз батырлық жасап, опат болған боздақтардың ерлігін жоққашығарып, терістеп жүргендер де бар. Мәселе 28 панфиловшылар жөнінде. «Оларондай ерлік жасамады» дегеннің өзінде, қазақ топырағында (Алматыда) жасақталған316-шы атқыштар дивизиясы (тұңғыш командирі – И.В.Панфилов) Мәскеу түбіндегіВолоколамск елді мекенінің маңында ұрыс жүргізгені белгілі. Оны ешкім жоққашығара алмасы анық.

Баз біреулер айтып жүргендей,қазақты ешкім қойша айдап, қанды қасаптың ішіне тоғытып жіберген жоқ. Ол кездеКСРО деген алып ел болды. Сол қызыл империя шатырының астында орыс та, қазақта, өзбек те, украин да т.б. ұлттар өмір сүрді. Олар кеңестік елді Отаным дептаныды. Бір ғана ортақ идеология болды. Идеологияның мықтылығы – сол тұстағыадамдарға Отан үшін өлу парыз, міндет, тіпті мақтаныш еді. Рас, ел басына күнтуған сол кезде халықтың отаншылдық сезімін ояту үшін жалған батырлар жайлыкеңінен айтылды. Сөйтіп, елді рухтандырды. Бір жағынан қарағанда, бұл да дұрысшығар. Өйткені жұрттың отансүйгіштік сезімін ояту үшін ол да қажет. Жоққашығаруға болмайды. Бұл жеке тақырып, басқа әңгіме.

Екінші дүниежүзілік соғыстың құныадамзат үшін қаншаға түсті? Бүгінгі күннің тарихшылары мен сарапшылары жәнеесеп-қисаптың адамдары осыны есептеуге көшті. Бірақ әзірге нақты мәлімет жоқ.Түрлі болжамдар мен жорамалдар ғана бар. Дегенмен 1941-45 жылдардағы қандықасап 60 миллионға тақау адамның басын жұтты. Бұл ащы ақиқат. Тіпті 60демей-ақ, 40 миллион деп кемітіп айтсақ та, аз емес. Мұншама адам қырылатындайсоғыс еш уақытта болған емес. Өз заманында «егеулі найза қолға алып, еңку-еңкужер шалып», жасанып келген жауын талқандап, сар далада сағым қуып, көшіп жүргенкөшпелілердің ұлысын бір шаңырақтың астына жиып, әлем тарихында ерекше орныбар, империя құра білген, жарты дүниені ат тұяғына таптаған ұлы Шыңғыс хан да,адамның басынан мұнара тұрғызған қаһарлы Ақсақ Темір де, жер дүниені шаңдатып,жортуыл жасаған қосмүйізді Зұлқарнайын да (Македонский), әскері «жұлдыздан дакөп» Кир мен Дарий патшалардың соғыстарында да мұншама көп, есепсіз адам қазатапқан емес. Тіпті «5 миллион адамның басын жұтты» дейтін Бірінші дүниежүзіліксоғыс та, 8 миллион адам құрбан болған азамат соғысы да 1941-45 жылдардағықырғынмен тең келе алмайды. Жалпы, адамзат тарихында Екінші дүниежүзілік соғыс триллиондағанқаржы жұмсалған соғыс емес, 50-60 миллион адамды жұтқан соғыс ретінде тарихтамәңгі қалмақ.

Қазақ жерінен 1 миллион 200 мыңадам соғысқа аттанып, соның тең жартысы оралмады. 500-дей қазақстандық КеңесОдағының Батыры атанса, соның 97-сі – қазақ.

«Соғыстың құны – қираған жамбас,Соғыстың құны – қураған мың бас» деп ақындар жырлағандай, шейіт болғандардыңорнын еш нәрсе толтыра алмасы хақ. Талай шаңырақ күйреп ортасына түсті, талайбоздақ қыршынынан қиылды. «Келіннің бетін ашқан-ды, Иліп байғұс жасқан-ды.Жасқанды-дағы жас қалды, Ертесіне соғыс басталды, Алды да кетті жастарды», –деп Мұқағали соғыстың ащы шындығын осылай жырлады. «Өңімде ме еді, түсімде мееді, Көріп ем ғой, бір армандай қызды. Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, Сұрапылсоғыс соқты да бұзды», – деп орақ тілді, өр ақын Қасым жас жүрекке кетпестейдақ салған соғыстың қасіретін осындай жыр жолдарымен өрнектеді.

Шындығы сол – майданға ерінаттандырған талай әйел қара жамылып жесір қалды, талай бала жетім атанды,сүйгеніне кестелі орамал ұсынып, елді қорғауға аттандырған талай жас қыз қарақағаз алып, қайғыға оранды. Жалпы, соғыстың құны еш нәрсемен өлшенуі тиіс емес.«Күркіреп, күндей өтті ғой соғыс» демекші, төрт жылға, яғни 1418 күнге созылғанқанды қырғын өтті де кетті.

Бүгін, 7 мамыр – Қазақстанармиясының құрылған күні. Дегенмен біз Алашорда әскері құрылған 25 маусымды даұмытпауымыз керек. Алаш әскері жөнінде алдағы сандарымыздың бірінде жазамыз.

Күлтегін БЕК,

«Жас Алаш»

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега