Өңір

Соғыстың соңғы солдаттары, ардагері жоқ ауылдарға енді аудандар қосылды

Төрт жылға жуық уақытқа созылған ҰлыОтан соғысына Қазақстаннан 1,5 миллионға жуық жауынгер аттанса, соның 140 мыңыбұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары екен.

Jasalash.kz

Яғни әрбір 10-шы солдатоңтүстікқазақстандық болды деген сөз. Облыстың жеңіске қосқан үлесі туралы көпәңгіме айтуға болады. Тылда қаншама азамат тер төкті. Соғысқа жіберілген оноқтың жетеуі Шымкенттегі қорғасын зауытында құйылды. Майдан даласында 50-денастам азамат Кеңес  Одағының Батырыатағын алды. 

Ақиықақын Мұқағалидың «Қариялар азайып бара жатыр» деген жыр жолдары осындайдаеріксіз еске түседі. Иә, расында да, ардагерлер азайып бара жатыр. Соңғы жылдары олардың қарасы тіптенселдіреп қалған. Осыдан 10 жыл бұрын, Ұлы Жеңістің 65 жылдығында ОңтүстікҚазақстан облысында соғысқа қатысқан қариялардың саны 1500 болған екен. Онжылда олардың саны 80-ге дейін азайды (оның 40-ы Түркістан облысында, 40-ыШымкентте). Соғыс ардагері жоқ ауылдардың қатарына енді аудандар қосылабастады. Келес, Шардара, Отырарда бүгінгі күні көзі тірі бірде-бір соғысардагері қалмапты. 80 жылдыққа 80 ардагердің қаншасының жететіні  бір Аллаға ғана аян. 1945 жылы, сол кездеқылшылдаған 17-дегі жауынгерлердің өздері бүгінде 92-93 жасқа келді. Енді бесжылдан кейін олар 100-ді алқымдайды екен. Ал 100 жасқа екінің бірі жетебермейді.

ҰлыЖеңіс мерекесі қарсаңында біз облыстағы және Шымкент қаласындағы ардагерлерменхабарласып,  хал-жағдайларын сұрағанедік. Солардың бірі – жасы  100-ге таяған шымкенттік Аманқұл Шәріповақсақал. Ақсақал майданға 1944 жылы аттанған.

Әскер қатарына алынып, ат-арбамен жолғашықтық. Содан пойызбен Семейге барып, соғысқа дайындалдық. Екінші Беларусьмайданында шайқастық. Қан майдандағы шайқастың бірінде минаға түсіп, үш метржерге ұшырып жіберді. Құлақ содан естімей қалған. Кейін госпитальда емделіпшықтым. Бірақ ұрысқа қатыса алмадым, құпия жерде қару-жарақтарды жөндеуменайналыстық, – деді Аманқұл ақсақал. 

Бүгінде ардагергекүтім жасап отырған кенже келіні Гүлмираның айтуынша, соғыс біткеннен кейінмайдангер бірден елге оралмаған. Әскер қатарында жүріп, қалаларды қалпынакелтіру жұмыстарына қатысқан. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Түркістан қаласындатұратын Немет Әбдрасілов 1-гвардиялық артиллериялық дивизия құрамында нысанашы,зеңбірек командирі болған. Ардагер Украина, Беларусь майдандары мен Сталинград,Курск шайқастарына қатысқан. І дәрежелі «Отан соғысы», ІІ және ІІІ дәрежелі«Даңқ» ордендерімен, екі «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Германияны жеңгені үшін»,«Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін»  медальдарымен марапатталған. Былтыр мамырдақарияның шаңырағында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы болып, Жеңіс күніменқұттықтаған. Даңқ ордендері жауынгерге майдан даласында көрсеткен ерекше ерлігіүшін берілген. Соғыстың басынан бастап, аяғына дейін қатысқан Немет ақсақалдықалай ардақтасаңыз да, қалай бағаласаңыз да жарасады. Алайда бүгінде майдангербилік назарынан тыс қалып кеткен сияқты. Денсаулығына байланыстықарияның өзімен тілдесу мүмкін болмады. Кіші ұлы Елмұраттың айтуынша, құлағынашар еститін атасына әкімдіктегілер есту қондырғысын алып береміз дегелі үшжыл өтіпті. Бірақ уәделерінде тұрмаған. Қарапайым құлақ есту қондырғысын алыпберу соншалықты қиын шаруа ма? Бүгінде Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан бар-жоғы төрт ардагерғана қалған екен. 

– Жалпы, кейінгі кездері әкімдік ардагерлерді мүлдем ұмытқалдырған сияқты. Кейбір аудандарда пәтер, көлік беріліп жатыр дегенді естиміз.Ал Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен, қаншама орден-медальдармен марапатталғанәкемізге мемлекет тарапынан ондай көмектер берілген емес. Тым құрыса арзан біркөлікті мінгізсе де риза болып қалар еді. Соғысқа қатысқан ардагерлер қашанғадейін жүреді дейсіз, – деді майдангердің ұлы Е.Әбдрасілов.

   Әрине,бұл майдангердің ерлігін міндет қылу емес. Дегенмен даңқ ордендерінің иегері, жасы 100-ге келген Немет Әбдрасіловқақұлаққа ілетін  есту аппаратын алып береалмаған биліктің қамқорлығына қарныңыздың ашатыны рас. Мереке қарсаңындаТүркістан облыстық және Түркістан қалалық әкімдігі осы мәселені назарға аладыдеген үміттеміз.

Мақтааралауданы Мырзакент елді мекенінің тұрғыны, соғыс ардагері  СайтмұратКүзжановпен тікелей тілдесудің мүмкіндігі туды. Жасы 96-ға келген ардагердіңәлі тың екені байқалды. Екінші Украина майданында даңқты қолбасшы Рокоссовскийәскерінің құрамында соғысыпты.

– Соңғы жылдары аяқ-қолымды қозғау қиындап қалды. Бірақтамағым жақсы. Алла қаласа, мынау індетті де жеңеміз. Құдай сол күнгежеткізсін. Кейінгі жастардың денсаулығы зор болсын. Мемлекетімізден ынтымақ,бақ-береке кетпесін. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! – деді бізге батасынберген ақсақал.

Биыл 75 жылдыққаорай, Түркістан облысында  Ұлы Отансоғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1 миллион  теңгеден, тыл еңбеккерлері, қаза болғанжауынгердің жесірлеріне ( 8251 адам) 30 мың теңгеден, блокадалық Ленинградтұрғындары, концлагерьлердің бұрынғы тұтқындарына (екі адам) 60 мыңтеңгеден беру көзделіп отыр.  Облыстықәкімдіктің бізге берген мәліметіне қарағанда, бірреттік материалдық көмек 8293адамға ұсынылады. Оның жалпы көлемі 40 миллион 247,8 теңгені құрайды. Жергілікті әкімдіктер де қарапқалмайды. Осы орайда, қайбір жылы Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтыңбастамасымен  аудандағы көзі тірі алтыардагерге «Нива» көлігінің табыс етілгені еске түседі.  Жеңістің 75 жылдығында онсыз да қатары сирепқалған майдангерлерге әкімдер қандай құрмет көрсетер екен? Ардагерлер арамыздақашанға дейін жүрер дейсіз?!

Жасыратыныжоқ, соңғы жылдары Ұлы Отан соғысына деген көзқарас өзгерді. Жалпы, тарихдегеніңіздің құбылмалы дүние екені рас. Бүгінгі құндылықтардың құны  ертең көк тиын болуы мүмкін. Тарихтағыоқиғаларды идеологияның құралына, дәлірегі құрбанына, айналдыру оп-оңай болыпқалды. Саясаттың араласпайтын жері жоқ. Бірақ ақиқат, шындық бәрінен қымбат.Аталарымыздың осыдан 75 жыл бұрын адамзатты фашизмнің шеңгелінен құтқарып қалғаны ақиқат. Осы қырғынғақазақ жерінен 1,5  миллион жауынгераттанып, әрбір екіншісінің майдан даласында құрбан болғаны шындық. Олардың Отанқорғау жолында жан аямай соғысып, мұз жастанып, қар жамылғанын ешкім жоққашығара алмайды. Тылда миллиондаған жан жеңіс үшін күндіз-түні еңбек етті. Осысоғыста неміс басқыншыларынан басым түсуіміздің ең басты себебі осы тылдың мықтылығы еді. Осыншама жанкештіеңбектің,  жан аямас ерліктің арқасындакелген жеңісті түкке алғысыз ету, саясаттың қанжығасына байлап бере салу солбатыр бабалардың рухының алдында кешірілмес күнә болар еді. Бұл жағы енді өз алдынабөлек әңгіме.

БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістаноблысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега