Солтүстік Корея АҚШ-тың Binance биржасынан 6,36 млрд доллар ұрлауға қатысты айыптауын жоққа шығарды
Солтүстік Корея АҚШ-тың Binance криптобиржасынан 6,36 миллиард доллардан астам қаражат ұрлануына Пхеньянның қатысы бар деген айыптауын негізсіз деп санайды.
Оның айтуынша, Вашингтон хакерлік шабуылды Солтүстік Кореямен байланыстыру арқылы елді киберқылмыстарды ұйымдастырушы ретінде көрсетуге тырысып отыр. Ким Ё Чжон бұл айыптауларды КХДР-дың халықаралық беделіне нұқсан келтіруге бағытталған саяси арандату деп атады.
Ол АҚШ бұған дейін де Пхеньянды Bybit криптобиржасына жасалған шабуылға қатысы бар деп айыптағанын еске салды.
Сондай-ақ Ким Ё Чжон Вашингтонның өзі бұрын ұрланған криптоактивтерді тәркілеп, оларды ұлттық стратегиялық резервіне қосқанын мәлімдеді. Оның пікірінше, осылайша АҚШ бұл жағдайдан пайда көрген.