Қоғам

Солтүстік Қазақстандағы газ балон жарылып, 12 жасар қыз көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында газ-ауа қоспасы жарылып, 12 жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Төтенше жағдай Аққайың ауданы Смирново ауылында болды. Қазіргі уақытта екі қабатты тұрғын үйде жарылыстың салдары жойылып жатыр.

"8 желтоқсанда сағат 14:50-де Смирново ауданының орталығында екі қабатты үш кіреберісті тұрғын үйде жарылыс болғаны туралы ақпарат түсті. Пәтерде газ-ауа қоспасы жарылып, 60 шаршы метр алаң өртенген. Терезелер шағылып, ғимаратқа зиян келген", - деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: газ СҚО