Соңғы митингілерді «Кіші Желтоқсан көтерілісі» деуге болады
«Азат» қозғалысы жұмысынқайта жандандырады. Бұл туралы ұйымның төрағасы, диссидент композитор, 70-80жылдардағы саяси тұтқын Хасен ҚОЖА-АХМЕТ facebook.comәлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Қазақстан билігіне Ресей отаршылдары тағайындап кеткенН.Назарбаевтың 30 жыл бойы айтқан «өтпелі кезеңі» Қазақ елін жақсы өмірге емес,құрдымға апарар өткел болып шыққанына бүгінде халықтың көзі нақты жетті. Ел ырзығын тонаудыжалғастыруды мақсат қылған Н.Назарбаев пен сыбайластарының биылғы көктемненбасталған жын-ойнақтары халықты биліктен мүлдем жиіркендіріп, түңілдірді.Заңсыз Президенттік сайлау өткізілуіне наразы халықтың 9-12 маусым күндеріндегі митингілерін «Кіші Желтоқсан көтерілісі» деуге болады. Түн-түнектен кейін ағарып таң ататынындай, бүгінгіҚазақстан қоғамындағы ахуал КСРО билігі дағдарысқа ұшыраған 1990-1991жылдардағыдай күйде. Биліктегі қарақшы топтың халық ниетін дүниеқоңыздықпенуламаққа, үрей арқылы уысында ұстамаққа 30 жыл бойғы әрекеті ақыры күйреді.Бүгінгі қазақ қоғамы дүниеқоңыз ептілерден жиіркенетін, қайраткерлерін,батырларын іздейтін ақ жолға қайтадан бет бұрды. Халық өз келешегін ойлап,ата-мекен елі Қазақстанды жалмауыз биліктен құтқаруға бел буды. Соңғы 20 жылдабиліктің құрған жасанды партияларының құр сөзбен алдаусыратып, іс-әрекеткебастамайтынына көзі жеткен азаматтар жаңадан партия құрмақ ойларынайтуда. Алайда қазіргі Заңмен саяси партия құру үшінкемінде 9 облыста бөлімшелер ашуға, 40 000 қол жинауға аз дегенде жарты жылуақыт, қомақты қаржы керек. Заңды жеңілдетуді қазіргі Парламенттен күту қиын.Өзгерткен күнде де күзде болмақ Парламент Мәжілісі сайлауына дейін партия құрыпүлгіру мүмкін емес шаруа. Осыны түсінген бірнеше облыстық, қалалық дәрежедегіұйымдар еліміздегі қордаланған мәселелерді көпшілік болып шешіп, оңалту үшін«Азат» қозғалысында бас қоссақ деген ұсыныс білдіріп отыр. 1990 жылы құрылған Қазақстандағы республикалықдәрежелі ең алғашқы қоғамдық ұйым «Азат» қозғалысы, соңғы 20 жылда билік құрғанжалған оппозициялық ұйымдар саясаттан ысырмаққа қаншама зымиян әрекеттержасағанына төтеп беріп, бүгінге шейін тіркеуін жоймай, халықтың шама-шарқынақарай іс-әрекетін жасап келеді. Қазақстандағы бүгінгі қоғамдық-саяси жағдайғаорай «Азат» қозғалысы өз жұмысын жандандыруға кірісті. Сондықтан, ардақтыхалайық, 30 жылдан соң қайта келген тарихи сәтті – халқымыздың пассионарлықоянуын, елімізде оң өзгерістер жасауға бағыттап, «Азат» қозғалысында күшжұмылдырайық!», — деп жазды Желтоқсанкөтерілісінің ардагері Хасен Қожа-Ахмет.
Фото: Азаттық радиосы