Әлеумет

Сот: Көпбалалы ана 517 мыңды үкіметке қайтарсын

Қарағандыоблысындағы Шахан елді мекенінің тұрғыны жеті баланың анасы Назгүл СӘРСЕБАЕВАҒА қатыстысот шешімі шықты.

Jasalash.kz

Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»сайтының тілшісі  хабарлайды.

Азаматтықісті қараған Шахтинск қалалық сотының судьясы Жанна  МЫРЗАХМЕТОВА Сәрсенбаевтаротбасы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек ретінде бес ай бойы алған  517 мың теңгені кері қайтарсын деген шешімшығарыпты.

Еске салакетсек, Шахан елді мекеніндегі екі отбасын жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімі табысын жасырды деп сотқа берген болатын. Ісі азаматтықсотта қаралған Назгүлдің жолдасы Әлібек Сарсенбаевтың айтуынша  алдында бұл қаражатты шенеуніктер бір айішінде кері  қайтарасыз деп ескертіпті.Енді мемлекеттен көмек аламын деп басы дауға қалған  жеті баланың әкесі кешеден бері ақшаны қалайтауып берерін білмей қысылып отырғанын айтады. Жеті баласы бар бұл отбасы Шаханелді мекенінде екі бөлмелі пәтерлерінде тұрып жатыр. Баспана өздерінікіболғанмен тоғыз адамға тар екені анық. Ал отағасы Қарағандыдағы қоқыс шығаруқызметін көрсететін фирмада күзетші болып жүрген, екінші жұмысына мектепке отжағушы болып қыста шығады. Әлібек Сәрсенбаев көлігі бұзылып тұрғандықтан қалаға барып жұмыс жасау қиындық келтіргенінайтады. Сол себепті ол 1 қазаннан бастап жұмысынан шығады. Қысқасы, Сәрсенбаевтаротбасы үкіметтен табыс көздерін, бұзылып тұрған автокөліктерінің барын және айсайын балаларына алған жәрдемақыны «жасырыпты».

«Соттың басында біз ақшаны қайтармаймыз, жасырғанештеңеміз жоқ екі жұмысқа да  ресми түрдетіркеліп тұрмын деп айтқан едім. Бірақ кейінгі сотта меселіміз қайтып қалды. Айттықенді қайтарамыз ақшаларыңды деп. Өйткені біз заңды білмейміз. Бізді ешкімқорғамайды. Бәрібір төлемесек олар бізді жеп қояр еді деп ойладым. Енді бұлақшасын ұстап қойдық, қалай тауып береміз деп бас қатып отыр», — дейді Әлібек Сәрсенбаев.

Шахтинск қаласыныңсоты ресми түрде сұраныстың қажет екенін желеу етіп шешімге қатысты мәліметберген жоқ. Дегенмен шешімге бір ай ішінде Шахтинск қалалық соты арқылыоблыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасына  апелляциялық шағымбілдіруге жауап берушінің  құқылы екенінжеткізді.

Сотқатартылып отырған Шахандағы екінші көп балалы отбасы Ғафу АЛХАЙДАРОВТЫҢ жанұясы.Бұл отбасын кезінде алған несиесін жасырды әрі екінші тоқсандағы табысы артыптұр деген желеумен әлеуметтік сала мамандары сотқа берген. Әзірге бұл отбасынақатысты сот шешімі шыққан жоқ. Төрт баласы бар бұл отбасында баспана жоқ, талайжыл үй жалдап тұрған. Қазіргі кезде таныстарының үйін паналап отыр.

Айта кетукерек шілде айында мамандар Қарағанды облысында екі жүзге жуық отбасының  табыстарын жасырып, заңсыз атаулы әлеуметтік көмектіалғанын анықтаған. Осыдан бастап құрылған комиссия  әлеуметтік көмек алған отбасылардың табысынқайтадан тексере бастаған.

Фото: ernur.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега