Қоғам

Сот төрелігі мен нотариаттық қызмет мүдделері - құқықтық қорғаудың жалпы функциясы

Қазақстандағы Жоғарғы Сотқа Халықаралық нотариат одағының (ХНО) президенті Лионель Галлиес келді.

Jasalash.kz

 Делегация құрамында Францияның жоғары нотариаттық кеңесінің өкілдері де бар.

Жиын Абай өңірінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Іс-шараға жоғары сот органының судьялары Ұлбосын Сүлейменова мен Альфия Савинова, Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев қатысты. Республикалық нотариаттық палатаның атынан Әсел Жанәбілова мен Гүлнар Рыспекова қатысты.

Судья Ұлбосын Сүлейменова:

— Біз еліміздің нотариаттарымен ынтымақтасамыз және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін әділет органдары мен нотариустар арасындағы өзара іс-қимылдың әлемдік стандарттарына ашықпыз, — деп атап өтті.

Ол, сонымен өатар, 2015 жылы жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің қабылдануымен «Нотариат туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, нотариустарға атқарушылық жазба жасау құқығы берілгенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Жоғарғы Сот атқарушылық жазбаны жою туралы азаматтық істерді қараудың сот тәжірибесін жалпылауды жүзеге асырды. Нәтижесінде нормативтік қаулы қабылданды.

Л.Галлиез Қазақстанның нотариустары әлемдегі ең ірі кәсіпқой қауымдастықтың бірі – Халықаралық нотариат одағына 90-шы мүше ретінде кіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізгенін атап өтті. Оның пікірінше, сот төрелігі мен нотариаттық қызметтің мүдделері құқықты профилактикалық қолдану түрінде жүзеге асырылатын құқықтық қорғаудың жалпы функциясына тоғысады.

Өз кезегінде А.Жанәбілова Республикалық нотариаттық палата Жоғарғы Сотпен сындарлы өзара іс-қимыл жүргізіп жатқанын атап өтті. Тараптар нотариустардың халықаралық аренадағы қызметі, қазақстандық нотариустардың шетелдік бай тәжірибені одан әрі табысты пайдалануы туралы пікір алмасты.

Естеріңізде болса, 2 желтоқсан күні Канкун қаласында (Мексика) нотариус саласының халықаралық съезі өтті, онда тудың көтеріліп, ант қабылдауының ресми рәсімінде қазақстандық нотариаттар Халықаралық нотариаттар одағының толыққанды мүшесі болды.

Ресми салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин мен Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова қатысты.

Еске салайық, Одақтың мүдделері БҰҰ-да, ЮНЕСКО-да, халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясында, Еуропалық комиссия мен Еуропалық парламентте, Еуропа Кеңесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда ұсынылған. Қазақстанның одаққа кіруі отандық нотариустарға кәсіби тәжірибе алмасуға, Қазақстанда жасалған нотариаттық әрекеттерді шетелде тануға, сондай-ақ халықаралық колледждерге қатысуға мүмкіндік береді. ҚР Әділет министрлігінің өкілі:

«Бұл — тарихи оқиға, өйткені қазақстандық нотариустардың халықаралық одаққа кіруі үшін ұзақ келіссөздер мен нотариаттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізген болатын. 2003 жылы Қазақстан Халықаралық нотариустар одағына кіруге өтініш берді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп нотариаттық қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарына қол жеткізу мақсатында көп жылдар бойы ұлттық заңнаманы жетілдіруде, — деген болатын.

Халықаралық одаққа мүше мемлекеттердің өкілдері қазақстандық нотариустардың жетістіктерін жоғары бағалайды.

Еркежан Арын
Тегтер: Без Тега