Саясат

Сот Тұрсынбаевтың шағымын қанағаттандырған жоқ

Бүгін Алматы қаласында саясаткер Балташ ТҰРСЫНБАЕВТЫҢарызы бойынша сот отырысы өтті.

Jasalash.kz

Сот отырысы бар-жоғы жарты-ақ сағатта аяқталды.  Судья арызданушы Балташ Тұрсынбаевқа сөз берді. Ал қарсы тарап қалалық полициядепартаментінен ешкім келмеді. 

Саясаткер 2019  маусым айында өткен бейбіт митинг уақытында өзін полицияныңзаңсыз ұстағанын айтып, арызданған. Балташ Тұрсынбаевтың сөзінше, 12 маусымкүні Астана алаңы маңындағы кафенің біріне тамақтануға кірген. Солжерде полиция қызметкерлері ұстап алыпты. Бірінші Тұрсынбаевтың шағымы бойынша №2 Алмалы аудандық соты қараған.

«Бұл сот жүйесі, билік,полиция, прокуратура, ҰҚК біздің халықтың жуастығын пайдаланып отыр. Қазірешқандай митингі боп жатқан жоқ. Бірақ белсенділерді алып кетіп,кейбіреулерін 5-10 күнге қамап жатыр. Бұның барлығы ұят, масқара», — дедісаясаткер.

Заңгер Маржан АСПАНДИЯРОВАНЫҢ пікірінше, күштік құрылымдарБалташ Тұрсынбаевты заңсыз бақылауға алған. Себебі ұстау барысында полиция оныңқай жерде, кіммен және не істеп жүргенін білген.

«Тұрсынбаевтың заңсызұсталғанына оны полиция қызметкерлерінің ешқандай құжат толтырмастан босатуыдәлел. Егер ол заң бұзып, қылмыс жасағаны үшін ұсталса, бұлай болмас еді...»,  — деді Аспандиярова.

Істі қараған Алматы қалалық сотының судьясы Інжу ӘЛИХАНҚЫЗЫбұған дейінгі Алмалы аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Маусым айында президент сайлауы қарсаңында Қазақстандахалық толқулары өтті. ІІМ мәліметінше, митинг кезінде 4,5 мыңға жуық адамұсталған. Олардың бірқатарына айыппұл салынып, 15 тәулікке қамалған.

«Бұлар оң шешімшығармайды. Себебі Тұрсынбаев жеңсе, бұл олар үшін жағымсыз мысал болмақ. Ертеңбарлығы осылай сотқа бере бастайды. Алматы қалалық соты бүгін Тұрсынбаевтыңапелляциялық арыз беру құқығынан айырды»,- деді Аспандиярова.

Фото автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега