СҚ-Фармация басшысының кеңесшісі қызметтен кетті
СҚ-Фармация" басшысының журналистерден «жұмыс істеуді» сұраған кеңесшісі жұмыстан шығу туралы өтініш жазды.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіндегілер айтты.
«СҚ-Фармация» басқарма төрағасының кеңесшісі Салтанат Искаринова өз еркімен жұмыстан кетті", — деді ведомстводағылар
Бұрын Искаринова Facebook желісіндегі парақшасында журналистерді «хайп» жасағасы келеді деп айыптап, «жұмыс істеуін» сұраған.
Кейін әлеуметтік желідегі жазба өшірілді.
«СҚ-Фармация» компаниясындағылар жазбаға байланысты пікір білдірді және басшылық оған қатысты тиісті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.
Кейін Салтанат Искаринова журналистерден кешірім сұрап, Facebook желісінде жазба жариялаған еді.
«Мен, Салтанат Искаринова, „СҚ-Фармация“ кеңесшісі ретінде өз атымнан және „СҚ-Фармация“ компаниясының атынан журналистер мен барлық БАҚ алдында айтқан сөзім үшін кешірім сұраймын. Бұл енді қайталанбайды, тағы кешірім сұраймын», — деп жазды Искаринова.