Сталиннің атымен аталған сегіз қала
Ұлы көсем, Екінші дүниежүзілік соғыстың бас қаһарманы, Ұлттың әкесі атанған Иосиф СТАЛИННІҢ көзі тірі кезінде он үш қала оның атымен аталған.
Кейін… Иә, кейін ол шаһарлардың аты ауысты. Жас АЛАШ тілшісі сол қалаларды оқырман есіне түсіруді жөн көрді.1924 жылы барлық пролетариаттардың көшбасшысы Владимир ЛЕНИННІҢ өлімінен кейін Иосиф Сталиннің дәуірі басталады. 1925 жылы аты патшалық монархияны еске түсіретін Царицын қаласын Сталинград деп атайды. Тек 1961 жылы «еңбекшілердің өтініші бойынша» қала Волгоград болып өзгереді.1929 жылы Тәжікстанның қазіргі астанасы Душанбек Сталинабад деген атқа ие болған. Алайда Сталинге деген тұрақсыз махаббаттан 1961 жылы орталық азиядағы қала өз тарихи есімін қайтарып алады.Дәл 1929 жылы Украинаның шығысындағы Донецк қаласы да Сталино деп большевиктердің басшысының құрметіне қойылады. 1961 жылдың 9 қарашасында Сталино есімі тарих қойнауында қалады.1932 жылы қазіргі Ресей Федерациясы, Кемер облысындағы Кузнецк қаласы Сталинск деген жаңа атқа ие болады. 29 жылдан кейін бұл шәр Новокузнецк болып шыға келді.1934 жылы қазіргі Оңтүстік Осетияның астанасы Цхинвал Иосиф Сталинге жағу үшін Сталинир деп түрлене түседі. 1961 Волгоград, Душанбе сияқты қайта өзгерді. Сталин атындағы шаһарлар шетелдерде де берілген еді. 1949 жылы Иосиф Сталиннің 70 жылдығына орай Болгарияның Варна қаласы «СТАЛИН» қаласы болып аталып, 1956 жылы қайтадан бұрынғыдай аталады.1953 жылдың 7 наурызында Польшаның Катовиц қаласы Сталиногруд болып өзгертілгенімен, көптеген наразылық акциялардан кейін 1956 жылы көпшіліктің талабы орындалады.Венгрияның Дунауйварош қаласы 1952 жылы Сталинварош деп күштеп өзгертілген. 1961 жылдың 26 қарашасында Сталиннің есімі алынып тасталды.Фото: andcvet.narod.ru