Қоғам

Степногорскіде балаларға сертификатсыз стоматологиялық қызмет көрсетілген

Степногорскіде тиісті маман сертификатынсыз 345 балаға стоматологиялық қызмет көрсетілген.

Фото: ЖИ

Заңсыз көрсетілген қызметтер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан төленген 2,5 млн теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылды.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, "Viamedis" ЖШС филиалында жұмыс істейтін тіс дәрігерінің балаларға медициналық көмек көрсетуге қажетті маман сертификаты болмаған. Соған қарамастан, ол 345 кәмелетке толмаған пациентке қызмет көрсеткен.

Негізсіз төленген қаражаттың жалпы сомасы 2 569 792 теңгені құрады. Прокурорлық қадағалау шараларынан кейін заңбұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізіліп, қаражат мемлекетке қайтарылды.

Сайт Әкімшілігі