СТУДЕНТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
«Идеядан табысты бизнеске дейін» бизнес-жобаларын іске асыруда дарынды жастардың дамуына жәрдемдесу мақсатында еліміздің колледждерінде «Business Startup» студенттік орталықтары құрылды.
Еуразия Гуманитарлық Институтының Жоғары колледжінде студенттік кәсіпкерлікті дамыту Хабы белсенді жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы 10-нан астам бизнес-жоба келесі бағыттарда іске асырылды: «Smile» балалар іс-шараларын ұйымдастыру; «3D Smart полиграфия»; «Bentoсake» - фирмалық кондитерлік өнімдерді дайындау (hand made); «Healthy cake» - дұрыс тамақтанатын кондитерлік өнімдерді дайындау; «Oiy» - ұлттық бағытта косметикалық сөмкелерді, үй аксессуарларын тігу, ұлттық әшекейлерді дайындау; «Magic Box Astana» - түрлі іс-шараларға арналған әмбебап бокстарды дайындау; «Rabbit_art_Therapy» - аутизм спектрі бұзылған балалармен жұмыс жасау, сурет жазу бағдарламалары (заманауи paint art) бойынша мастер-класс қызметтерін ұсыну.
«Хаб жұмысының мақсаты - дайын бизнес-жобаны құру, оны табысты коммерцияландыруға және одан әрі тұрақты дамуға көмектесу болып табылатынын атап өткен жөн. Хаб - бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жан - жақты skills-дағдылар қалыптастырылатын орын», - деп атап өтті Еуразия Гуманитарлық Институтының Жоғары колледжінің директоры Алма Даирқызы Әшірбекова.
Хабтың ерекшелігі: 24\7 режимінде тәлімгерлерді үйлестіру және оларға көмек көрсету; «Мен және менің сүйікті ісім» қағидаты бойынша әрбір студент-қатысушыға жеке көзқарас, кәсіпкерліктің сұранысқа ие бағыттары (Mainstreams) бойынша отандық және шетелдік нарыққа өзекті сараптамалық талдау алу.
«Хаб - бұл орташа процестік қызметке бағытталған шаблондық бизнес-инкубатор емес, негізінен жобалық қызмет, мұнда қатысушының бизнес-жобаны іске қосу түріндегі жеке нәтижесі маңызды», - деп атап өтті Хаб қатысушысы, ИЯР-21 тобының студенті Влентина Лантух.