Әлеумет

Су дағдарысы төніп тұр, ауызсуға бөлінген миллиардтар қайда?

Халықаралық нарықтағы ең ірі инвестициялықбанк саналатын Goldman Sachs банкініңсарапшылары алдағы үш жылда Орталық Азияда су үшін тартыс өрши түсетінін алғатартып отыр.

Jasalash.kz

Қаржы институтының сарапшысы Олег Дмитриевтің айтуынша, 2023жылдан бастап Орталық Азия елдеріне су дағдарысы төне түседі. Әсіресе ауызсу мәселесіншешу қиындады. 2023 жылға қарай Орталық Азия елдері бойынша өндіріс орындарыныңсаны арта түсетінін, сол өндіріс орындарында суды пайдалану деңгейі де өсе түсетінін,осыдан барып суды үнемдеп пайдалану үрдісі туындайтынын алға тартқан маманендігі кезекте Азия елдері «судың да сұрауы барын» мықтап ұғынатынын ашып айтты.

      Халықаралық сарапшының бұл пікірін біздіңмамандар да қуаттайды. Халықаралық ірі инвестициялық банк сарапшыларының  сөзінде жан бар. Гидрогеолог Ғазиза Қасымханованыңайтуынша, қазірдің өзінде елде су тапшылығын сезініп отырған ауыл-аймақтардың көлеміартпаса, кеміген жоқ.

«Қазір біздеауызсу мәселесі қатты өршіп тұр. Қытымыр қыс келсе де, жадырап жаз шықса да, Қазақстандағыауызсу мәселесі бір толастаған емес. Біз ауызсу мәселесін шешуді  2002 жылы қолға ала бастадық. Осы жылдарыелдегі су тапшылығын шешу үшін мемлекеттік бағдарламалар қабылдана бастады.Бірақ мәселе түбегейлі шешімін тапқан жоқ», – дейді Ғазиза Қасымханова.

     Рас, маман айтып отырғандай, біз алдымен «халықтытаза ауызсумен қамтиды» деп, «Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысістедік. 2002 жылдан 2010 жылға дейін созылған бағдарлама бойынша ауқымды жұмыстаратқарылуы керек еді. Бірақ бұл бағдарламаның нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтайболмады. Бағдарлама аясында 350 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұдан соң,«Ақ бұлақ» бағдарламасы қолға алынды. Бұл бағдарлама бойынша 2020 жылға дейінбюджеттен су мәселесін шешу үшін жыл сайын 90 млрд теңгеден астам қаржы бөлінетінболды. Бірақ осы бағдарлама да анау айтқандай жетістік бере қоймады. Біздегіауызсу мәселесі әлі де басы ашық күйінде сақталып отыр. Таза су орнына бақа-шаянараласқан өзен суын тұндырып ішіп отырған елді мекендер жайы көптің көңілін күптіетіп отырған жайы бар.

     Деректерге жүгінсек, елімізде 150-денастам ауыл сусыз отырғанын көрсетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда,Шығыс Қазақстан аймақтарында қаншама елді мекен сусыз отыр. Тіпті қайсыбірауылдарда 50-100 адам ғана тұрады. Олардың инфрақұрылымы жайлы тіпті сөз қозғамай-аққойса да болады.

     Жалпы, халықаралық сарапшылардың су дағдарысыжайлы айта бастауында негіз бар. Қазір мұны ескерген көптеген елдер ауызсу мәселесінеқатысты тиімді шешімдер қабылдап жатыр. Мысалы, Қытай жуырда ауызсу мәселесінорнықты етіп алу үшін былтыр «Суық су» деп аталатын үлкен бағдарлама қабылдағанынбіз «Жас Алаштың» өткен сандарында ашып жаздық.

  Бұл ретте мамандар «су мәселесіне келгенде Қазақстанныңтрансшекаралық аймақта жатқанын ұмытпауымыз керек» деп отыр. Рас,  елде Ертістің суы Қытаймен шекараласып жатыр.Қазір Ертіс суының тым азайып бара жатқанын Қытайдың саясатымен байланыстыратындарда бар. Келешекте Қытайда өндіріс орындарының көлемі артып, халқының суды тұтынукөрсеткіші де еселей түспек. Сол кезде Ертіс суының Қытай жақ бөлігінің одан әріазая түсетіні даусыз. Орал өңіріндегі су көздері Ресей арқылы келсе, Арал өңірінесу Сырдария арқылы келеді. Бұл арада біз өзбектердің қас-қабағын бағамыз. Таласөңіріне келген су көзі қырғыздардың шекаралас екенін еске салады. Міне, біздегісу мәселесі трансшекаралық аймақтарда жатқаннан кейін бұл арада асқан сауаттылықкерек екені даусыз. Ал ол қандай сауатты бағыттар болуы керек? Болашақта елімізауызсу тапшылығын шешуге қалай талпынғаны жөн?

   Техника ғылымының докторы Ардақ Төлеуов Қазақстанүшін келешекте жерасты суларын шығарудың мәні зор екенін алға тартады. «Еліміздесу мәселесін шешу үшін жерасты суы көздерін тауып, оны тиімді игерудің жолдарынқарастыру қажет. Бұл мәселеде ғалымдардың зерттеулеріне де назар аудару керек»,– дейді Ардақ  Төлеуов.

      Маманныңайтуынша, еліміздің Гидрогеология және геоэкология институтының ғалымдары 2009жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы су тапшылығын ескере отырып, бір үлкеністі зерттеуге кірісіп кетті. Нәтижесінде Қызылорда облысында 420-450 метрліктереңдікте жерасты суы бар екеніне ғалымдар көз жеткізді. Бұл зерттеу жұмыстарыеліміз бойынша тұңғыш рет жасалып отыр. «Бұған дейін Қызылорда облысы Сырдың суынішіп отырды. Ал Сырдың суы лас екені, оның бүкіл азиялық аумақты аралап барып Қызылордағаенетіні бізге белгілі. Су ішінде қоқыс қалдықтары да, бактериялық заттар да бар.Бір сөзбен айтқанда, бұл адам ағзасына орасан зиян келтіреді.  Ғалымдардың зерттеулері «су шықпайды»деген  елді мекеннің өзін сумен қамтамасыз етуге болатынын дәлелдеп отыр.Сондықтан өз басым қандай да бір реформалық бағдарламаға ғалымдардың ұсыныстарыенгізілуі керек деп есептеймін», – деді Ардақ Төлеуов.

    Демек,болашақта ауызсу мәселесін шешу үшін басы аяғына жетпейтін шикі,  шала-жансар бағдарламалардан гөрі ғылыминегізделген сауатты дүниелер қолға алынуы керек. Егер қарапайым халыққа жаныашыса, атқарушы билік те аталған жайттарды таразылап, електен өткізер деген үміттеміз.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега