Өңір

Су тасқыны кезінде 800-ге жуық мал өлген

Мақтааралдағы су тасқынынан келген шығын туралы алғашқымәліметтер айтыла бастады.

Jasalash.kz

 Көптегенүйлер, егістік су астында қалды. Бұған дейін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «малшығыны жоқ» деген еді. Бірақ соңғы мәліметтерге қарағанда, су басқан аймақта 800-гежуық мал өлген.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары  жүргізген зерделеу жұмыстары барысында су тасқыны кезінде Жаңа жол менЕңбекші  ауылдық округтеріндегі 3елдімекенде 1682 гектар ауыл шаруашылығы дақылдарының бүлінгені анықталыпотыр.  Алдын ала болжамдық есеп бойыншамұның шығыны  -181,1 миллион теңгеніқұрайды. Атап айтқанда, 1480 гектар мақта -148 миллион теңге,  42 гектар жоңышқа — 2,1 миллион теңге,  150 гектар бақша — 30 миллион теңге, 10 гектаржүгері — 1 миллион теңге деп есептеліп отыр. Сондай-ақ, аталған 4 елдімекенде5335 мал басы тіркелсе, оның ішінде 799 мал өлген. Оның 328-і ірі қара, 361-іұсақ мал, 53-і жылқы, 57-сі түйе. Малдың жалпы шығыны 249 миллион теңгенішамасында..

Төтенше жағдай жөніндегі штабтың таратқан мәліметібойынша Мақтаралдан -46-ы, Жетісайдан -10, Шардарадан -5, барлығы 61ветеринарлық дәрігерлер Жантақсай, Фердоуси елді мекендеріндегі 3686 малдыэвакуациялау жұмыстарын толық аяқтады.

Дегенмен су басып қалған аймақтарда қанша малдың суғакеткенін анықтау әзірге мүмкін болмай отыр. Өйткені су басқан аймаққа кірумүмкін емес. Мамандардың айтуынша, бұзылған қоймадан келіп жатқан қашыртпасудың көлемі азаймауда. Сол себепті төтенше жағдай саласының мамандары субасқан ауылдардағы су деңгейінің көтерілген, көтерілмегеніне көз жеткізу үшінтиісті зерделеу жұмыстарын жүргізуге кірісті.

Б.ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы  

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега