Сын көп айтылды - Білім және ғылым министрі
Білім және ғылым министрі биылғы соңғы қоңыраудың ерекше форматта өтіп жатқанын айтакеле,ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады: Қымбатты оқушылар, құрметті әріптестер,ардақты ата-аналар мен түлектер!
Барлығымыз үшін биылғы 25 мамыр ерекше форматта өтіп жатыр.
Әлемдік пандемия біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті.
Биылғы оқу жылы 4 миллионнан астам оқушы мен студенттің есінде қашықтаноқыту форматына көшумен сақталады.
Қысқа уақыттың ішінде барлығыңыз жұмысты дұрыс ұйымдастыра білдіңіздер.Бұл – мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың бірлескен әрекетінің нәтижесідеп білемін.
Бүгін мен әрқайсыңызға жеке-жеке үндеу тастағым келіп отыр. Сіздер жаңажағдайда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, ерлік таныттыңыздар.
Ұстаздарға деген алғысымды бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сіздер қиынжағдайға қарамастан, оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқыту барысында тынымсызеңбек еттіңіздер.
Сіздердің арқаларыңызда төртінші тоқсан толықтай қашықтан оқытуформатында өтті, бұл – білім саласында бұрын-соңды болмаған оқиға.
Қиын кезде балаларына тіреу бола білген ата-аналардың да еңбегіөлшеусіз.
Сіздердің қолдауларыңыз, балаларыңызға үйде отырып білім алуға жағдай жасауларыңыз қашықтан оқытудыұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Иә, сын көп айтылды, дегенмен сіздер түсіністік танытып, жеңілқабылдадыңыздар. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын.
Оқушыларға деген ризашылығым шексіз. Олар жауапкершілікті ата-аналарыментеңдей бөлісіп, тәртіпті және алғыр бола білді. Енді, міне, білімге дегенқұштарлықты жоғалтпай, оқу жылын ойдағыдай аяқтап жатыр. Бұл – шын мәніндеересек адамдарға тән қасиет.
2020 жылдың түлектеріне жеке тоқталғым келеді.
Құрметті мектеп бітірушілері, колледж бен университет түлектері! Әркімболашағының жарқын болғанын армандайды. Сіздер мықты ғалым, табысты кәсіпкерғана емес, адамгершілігі мол,жақсы адам, биік тұлға болатындарыңызға сенімдімін.
Тәуекелге бару арқылы ғана әркім өзі армандаған мамандықтың иесі болаалады. Ең бастысы, мүмкіндіктерді пайдалана білу керек. Еш қорықпаңыздар.
Алған беттен қайтпау – өте маңызды екенін білемін. Нақты қадам жасап,ойыңыздағыны іске асыру қажет. Мәселен, мен мектеп бітірген соң бірден грантқатүсе алмадым. Одан ұялудың қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау тұрды:біріншісі — ақылы түрде оқу, екіншісі - бір жыл дайындалып, кейін Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру. Солкезде бір жыл дайындалып, тестті қайта тапсырамын деп шештім. Бір жыл уақытымды табандыдайындық пен жұмысқа арнадым. Нәтижесінде келесі жылы армандаған грантқа қолжеткіздім.
Жақында басым көпшілігіңіз ҰБТ тапсырасыздар.
Тестілеуден қорқудың қажеті жоқ, бұл жай ғана сынақ, оның үстіне бұлөмірлеріңіздегі ең жеңіл емтиханның бірі болмақ.
Айналадағы адамдар қолдарыңнан ештеңе келмейді десе де, табандылық пенсабырлық, күнделікті қажырлы еңбек пен алға қойған мақсаттарыңыз белгілі бірнәтиже әкелетінін естен шығармаңыздар.
Нәтиже өз бетімен келмейді, ол қателікпен қатар жүреді. Кішкентайкезімізден бізді қателік жасау дұрыс емес, кешірімсіз деп сендірген. Мектепқабырғасынан бастап қателік жасамау – біздің санамызға құйылып келді. Табыстыадам ешқашан қателеспейді деген қате ұғым қалыптасты. Алайда бәрі қателікжасайды, ең бастысы– одан сабақ алып, тәжірибе жинақтай білу қажет. Қателік жасап, бәрін қайта бастауданқорықпау керек.
Қымбатты жас түлек!
Сіздер Қазақстанның тарихында ғана емес, әлем тарихындағы ерекшетүлексіздер!
Сіздер жақсы тәжірибе жинақтап, ойтүйіп, әлемді жақсартуға үлес қосасыздар деп сенемін.
Елге пайдасы тиетін жаңалық ашып, толағай табысқа жетесіздер депүміттенемін. Сіздер тамаша кезеңде өмір сүріп жатырсыздар, өйткені қазіргі кезең – армандайтын, батыл шешімдерқабылдайтын уақыт.
Белгісіздік пен өзгерістердің уақытында сіздердің басты құндылықтарыңызадалдық, әділдік, махаббат, қарапайымдылық пен батылдық болуы керек.
Сәттілік серік болсын!
Армандарыңызға қол жеткізіп, өмір құндылықтарын естен шығармаңыздар.
Мереке құтты болсын!
Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ,
Қазақстан Республикасының Білім және ғылымминистрі