Саясат

Табысымыз Африка, бағамыз Дубай болды

Араб Әмірліктерінде бірнеше жыл тұрған бір досым өткенде туған даласына оралды. Келе сала азық-түлік сататын супермаркетке кірмей ме.

Jasalash.kz

Күнде Дубайда алып жүрген кәдімгі үйреншікті тамақтарын алыпты. Бірақ Қазақстанда алған тура сол заттарына төлеген ақшасы Дубайдағы дүкенге төлейтін ақшасынан асып түсіпті, деп жазады әлеуметтік желіде белгілі блогер Шыңғыс Бауыржанұлы.

Таң қалмасқа амал жоқ. Сапасы жағынан Дубайдағы азық-түлікке жетпейді, бірақ бағасы жағынан біздікі басып озады екен. 

– Әлгі досым ертесі күні Қазақстандағы баспана мен автокөлік бағасын көріп, шалқасынан түсті. Бұл не деген аспандап кеткен баға, деп. Енді ол Әмірлікке қайтып көшіп кетсем бе екен, деп екіойлы күйге түсті. Ол жақта азғантай орташа айлықпен-ақ тәп-тәуір өмір сүруге болады. Ал өмір сүру деңгейі барған сайын төмендеп жатқан, қылмысы жоғары, экологиясы нашар, қатқан бюрократиялық жемқор билігі өзгермейтін мына Қазақстанға не жоқ дейді, осындай жоғары бағалар қоятындай? Қазақстанда тауар бағасы күн сайын емес, енді сағат сайын өсетін болды. Қымбатшылыққа дауасы жоқ ел болдық. Табысымыз Африканың елдеріндей, ал шығындарымыз Дубайдыкіндей. Халықтың жағдайы күннен-күнге төмендеп барады. Мына мемлекетті біреу қасақана банкрот қылайын деп отыр ма деген ойға қаласың. Қай саланы, қай бағытты алсаң осы. Дубайдан келген Қазақстанның адамы салыстыра келе осындай сұмдықты байқап отыр, – дейді ол.

Жебе Садақбай
Тегтер: Без Тега