Таиландта бар өртеніп, 27 адам тірідей жанып кетті
Таиланд астанасы Бангкоктегі барлардың бірінде жойқын өрт шығып, 27 адам көз жұмды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Өрт 13 шілдеге қараған түні Чатучак ауданындағы танымал Rong Beer Na Lat Phrao пабында болған. Сол күні кешке өнер көрсеткен музыканттың айтуынша, алдымен сахна маңындағы электр қосқышынан түтін шыққан. Артынша жарық сөніп, жарылыс болып, жалын ғимаратты тез шарпыған.
Таиланд премьер-министрі Анутин Чарнвиракулдың мәліметінше, қаза тапқандардың көбі пабтың артқы бөлігіндегі дәретханалардан табылған. Бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер жалынды шамамен 30 минут ішінде ауыздықтаған. Алайда өрттен кейін ғимараттың іші толықтай жанып кеткен. Жергілікті Thairath басылымының хабарлауынша, апаттан кейін бірнеше адам әлі де хабар-ошарсыз кеткен.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.