Қоғам

Талдықорғанда әйелді автобус қағып, мерт қылды

Талдықорғанда жолаушылар автобусы әйелді қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды.

Фото: ашық дереккөз

Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, жол-көлік оқиғасы полиция мектебінің маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, №228 бағытындағы автобус жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалғаны айтылды.

Оқиғаға қатысты Жетісу облысының полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 15 наурыз күні болған.

Алдын ала дерек бойынша, Isuzu маркалы автобус Назарбаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан көз жұмған.

Полиция күдікті ретінде автобус жүргізушісін уақытша ұстау изоляторына қамаған. Ал автобус арнайы айып тұрағына қойылған.

Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі