Талдықорғанда жағажай маңынан ер адамның денесі табылды
Талдықорғанда қалалық жағажай аумағынан ер адамның мәйіті табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, көз жұмған азаматтың жасы шамамен 50–55 аралығында болған.
Полицияның хабарлауынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта марқұмның жеке басы, өлімінің нақты себебі және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу аясында қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде.