Әлеумет

Талдықорғанда 200 миллионға алынған қоқыс контейнерлері қараусыз қалды

Талдықорғандабірер жыл бұрын орнатылған еуропалық үлгідегі контейнерлердің жартысынан көбі қараусызқалды.

Jasalash.kz

Ал, тұрғындар мұндай жаңашылдықтың біз үшін қажеті шамалы деп отыр.

Тұрмыстық қалдықтарғаарналған герметикалық жаңа контейнерлер 2018 жылдың қаңтар айында пилоттық жобаретінде орнатылған. Құны 200 миллион теңгеге жуықтайтын жобаны бұрынғы қала әкіміБағдат ҚАРАСАЕВ бастаған атқамінерлер облыс басшысы Амандық БАТАЛОВҚАтаныстырып, рұқсатын алған-ды. Алайда, ол кезде қыруар қаражаттың ауаға ұшып, (біреулердіңқалтасына кетуі де мүмкін) жобаның уақытша болатыны ешкімнің ойына да кіріп шықпасакерек.

Еуропалық үлгідегі270 контейнер 135 аулаға орнатылыпты. Диаметрі -2 метр, биіктігі — 2 жарым метрболатын жәшіктің жартысы жерге көміледі екен. Ерекшелігі сол: аталған жәшіктердіңішіне полиэтилен пакеті кигізіледі. Тұрмыстық қалдықтарға толған соң,контейнердегі қоқысты арнайы техникаға тиеп, қатты қалдықтарды өңдейтін алаңғаапаруы тиіс. Бірақ, қаладағы мұндай жәшіктердің жартысынан көбі әлі тазаланбағанкүйі тұр. Тіпті, кейбірі аузы-мұрнынан асып, айналасы шашылып жатыр.

«Сол дөңгелек қалпы тұр. Ешкім оны тазаламайды. Уақытылы келіп қоқысты алыпкетпейді. Айналасының бәрі лас. Жан-жағына тастаған қоқысты әйелдер жинайды. Көліккелгенде қолмен тиейді», — дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Зоя ШАЛТАЕВА.

Жаңа үлгідегіконтейнерлердің орнатылғанмен осы уақытқа дейін қолданысқа берілмегендері дебар екен. Мәселен, №1ші әскери қалашықтағы контейнерлер былтыр жыл басындасалынған. Бірақ, тұрғындар аталған жәшіктерге қоқыс тастауға болмайтыны туралыескертуді елеп жатқан жоқ. Жәшіктердің іші тұрмақ, айналасы қоқысқа толған. «Қолқанықабатын иістен терезе ашу мүмкін емес», — дейді жақын маңда тұратындар.

«Тазалайтын техника жоқ болса, мұндай контейнерлер не үшін керек? Бізге мұныңкерегі жоқ. Сасып жатыр босқадан-босқа. Жағымсыз иіс мұрынды жарады. Оған қоса,тышқан, егеуқұйрық, ит-мысық қаптап жүр. Қауіпті. Осы жерде балаларымызойнайды. Солар үшін алаңдаймыз. Бұлай жалғаса берсе, эпидемиялық ахуал ушығыпкетуі ықтимал», — дейді тағы бір қаланың тұрғыны Секен ТҰРСЫНБАЕВ.

270контейнердің жартысы ғана тазаланатынын қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығыбөлімін уақытша басқарып отырған жас маман да растап отыр. Бұл қызмет үшінарнайы сатып алынған 7 техника барлығына уақытылы қызмет көрсете алмайтыныбелгілі. Бірақ, жаңа басшының сөзіне сенсек негізгі проблема пәтер иелерікооперативінде екен.

«Толып кетіп жатыр. Қоқыс уақытылы алынбайтыны рас. Бұған қатысты біраз өзектімәселелер бар. Яғни, ПИК-тер біздің Тұрғын үй қызметі мердігер мекемесінекеліп, құжаттарға қол қойып, келісім-шартқа отыруы керек. Содан кейінкелісім-шартқа сәйкес, жұмыстарын атқарауы тиіс», — деді «ЖасАЛАШ»тілшісіне Талдықорған қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімібасшысының міндетін атқарушы Мейір НҰРҒАЛИЕВ.

Жауаптылардыңсөзінен түсінгеніміз, қыруар қаражатты шығындаған жобаның сәтті жүзеге аспайжатқаны келісім-шартқа отырғысы келмейтін пәтер иелері кооперативіне байланыстыекен. 

Фотолар автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега