Оқиғалар

Талдықорғанда 5 жасар қызын көлік "люгінен" шығарып қойған әке жазаланды

Талдықорғанда полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы баласын көлікпен тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзған әкені анықтады.

Фото: полиция

Кадрлардан 31 жастағы жүргізушінің Changan X5 Plus көлігін басқарып келе жатып, бес жасар қызын көліктің төбесіндегі ашық бөліктен сыртқа шығарып қойғанын көруге болады. Сол сәтте баланың денесі беліне дейін көліктің сыртында болған.

Полиция бұл жағдай бойынша жүргізушіні, яғни баланың әкесін, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, баланы мұндай жағдайда тасымалдаудың қауіпті екені түсіндірілді.

Сайт Әкімшілігі