Әлеумет

Талдықорғанда «мусордың» 10 пайызы ғана қайта өнделеді

Алматы обылысы орталығында қарапайым халық 80 мың теңгеге тұрмыстық қалдық сұрыптауды ар көріп отыр.

Jasalash.kz
Бұл туралы «ADAL DAMU CAPITAL» ЖШС директоры Ерлан ДҮЙСЕБАЕВ айтып берді. Орташа жалақымыз 80 мың теңге болса да, жұмыс күші жетіспеу үстінде. Қазір 17 жұмысшымыз бар. Негізінен, біздің сұрыптау цехінде 35 адамға дейін жұмыс орны қарастырылған, – дейді Ерлан ДҮЙСЕБАЕВ.Атап өтерлігі, серіктестік басшысы бұл уәжді Талдықорған қаласының әкімі Дастан ШАЛТАБАЕВ Өтенай ауылдық округіне қарасты қоқыс өңдеу полигонынына келген сәтінде жеткізді.Бұл ретте зауыт директоры талдықорғандықтар үшін қоқыс жинау мәдениетін қалыптастырудың қажеттігін де атап өтті.-Тұрғындар біз көтеріп отырған мәселені дұрыс түсінсе деген тілек бар. Жалқаулық танытпай қоқысты бөлек-бөлек жинаса нұр үстіне нұр болар еді. Басты қиындық осы. Сондай-ақ, бірнеше күрделі мәселе бар. Мәселен, бізде бірыңғай тариф бекітілмеген. Сол жағы жұмысымызға аздап кедергі тудырып отыр. Әкімдік тарапынан бұл мәселе шешімін тапса дейміз, – дейді ол. Кедергі демекші,  зауыттағы мамандардың айтуынша, қазір қоқыстың барлығы араласып келгендіктен, оны сұрыптау мәселесі де қиындық тудырып отыр. Егер алдағы уақытта жарақсыз қалдықтарды сипатына қарай жеке жинау тәсілі енгізілсе, қайта өңдеуді 20-25 пайызға өсіруге болады дейді мамандар.Айталық, қазір зауыт күніне  80 тонна қалдықтың 10 пайзын ғана қайта өңдеуден өткізіп отыр. Яғни, күніне бар болғаны 8 тонна ғана қоқыс өңделеді деген сөз. Нақтылап өтсек, мұнда негізінен қағаз бен картондар өңдеуден өтіп, олардан жұмыртқа салатын қалыптар шығарылады. Сонымен қатар, кейін пластик бұйымдар жасайтын ұсақ гранула да дайындалу үстінде.Осы барыста Ерлан Дүйсебаев қоқысты сұрыптап жинау үшін тұрғындарға арнайы жасыл, көк және қара түсті пакеттерді тегін үлестіру жағын жоспарлап отырғандықтарын айтып қалды. Яғни, қара, көк пакеттерге тамақ қалдықтары салынса, жасыл пакетке қайта өңдеуді қажет ететін тұрмыстық заттар жиналуы керек.Айта кетейік, бүгінде Талдықорғанда қоқыс жинауға 240 арнайы контейнер орнатылған. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мұның барлығы қоқыс сұрыптайтын зауыттың жұмысын жеңілдетуге септігін тигізбек.Фото авторы: Айдын Нұршанов
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега