Әлеумет

Талдықорғанда TikTok эфирінде балағат сөз айтқан әйел жазаланды

Талдықорғанда полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде айтылған былапыт сөздерді анықтады.

pixabay.com

Эфирге қатысушының жеке басы анықталды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын Маржан Бейсембекова болып шықты.

Жиналған материалдар сотқа жолданды. Істі қарау қорытындысы бойынша әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған айыппұл салынды.

Полиция смартфон экраны адамның жауапкершіліктен жасырынуына мүмкіндік бермейтінін ескертеді. Сондықтан сақшылар әлеуметтік желі қолданушыларын қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және жариялайтын контентіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сайт Әкімшілігі