Қоғам

Талдықорғандағы әскери әуебазада жауынгер қаза тапты

Қорғаныс министрлігі Талдықорғандағы әскери базадағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Jasalash.kz

Ресми деректерге сәйкес, 2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған әуе базасында әскери ұшақ ұшып шығуға дайындалып жатқан кезде оқ атылып кеткен, салдарынан екі әскери қызметкер зардап шекті, олардың біреуі алған жарақатынан қаза тапты, екіншісісіне барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіліп жатыр.

«Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жария етілмейді. Қарулы Күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Т. Раушанұлы
Тегтер: Без Тега