Қоғам

Талғардағы селден британдық турист ағашқа шығып аман қалды

Кешегі селден тек алматылықтар ғана емес, шетелдік турист те зардап шекті. Ұлыбританиядан келген саяхатшы Талғар шатқалында жалғыз демалып жүрген кезде кенеттен сел жүрген.

Фото: коллаж

Қауіпті дер кезінде байқаған турист жақын маңдағы ағашқа мініп, аман қалды. Алайда тасқын оның шатырын, жеке заттары мен лагерь жабдықтарын ағызып әкеткен. Туристің өзі зардап шекпеген.

Оқиғадан кейін құтқарушылар туристке қажетті көмек көрсетті.

Мамандар таулы аймақтарда жауын-шашын кезінде сел жүру қаупі жоғары екенін ескертіп, тұрғындар мен демалушыларды ауа райы туралы ескертулерді назардан тыс қалдырмауға шақырды.

Сайт Әкімшілігі