Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды
ТамараДүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
«Тамара Босымбекқызы ДүйсеноваҚазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісіболып тағайындалсын», — делінген жарлықта.
Бөлімнің міндеті — азаматтардантүсіп жатқан хаттарды сараптап, халықты толғандырған проблемалардыанықтау. Бұл қызметті бұған дейін 2019 жылдың шілдесінен бері Аида Балаеваатқарып келген. Ол 4 мамырда Дәурен Абаевтың орнына ақпарат және қоғамдық дамуминистрі болып тағайындалды.