Әлеумет

Тараз тұрғындарына 6829 атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Жыл басынан бері тараздық отбасыларға кедейшілік шегіненшығу мақсатында 1,5 миллиард теңге төленген.

Jasalash.kz

Жамбылоблысының орталығы Тараз қаласының тұрғындарына жарты жылдың қорытындысыбойынша 6829 атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. Бұл туралы Тараз қаласыныңәкімі Қайрат Досаев мәлімдеді.

Мемлекетбасшысының биыл 27 ақпандағы тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмектітағайындау тетігі 1 сәуірден бастап жаңа форматта жүзеге асырылып жатқаныбелгілі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде келесі өзгерістер енгізілгенболатын: күнкөріс деңгейі 50 пайыздан 70 пайызға дейін өсті, отбасының жиынтықтабысын есептеу барысында көпбалалы отбасылар, баланың мүгедектігі бойыншажәрдемақы және оқушылар шәкіртақысы есептелмейді.

2019жылдың 5 сәуірінде Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Заңға тиістіөзгерістерге қол қойылып, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға 20789 теңгеден,отбасының ересек азаматтарына жиынтық табыспен күнкөріс деңгейінің айырмасытөленуде. Осыған орай АӘК алушылар саны күрт өсті.

Жаңанысандағы атаулы әлеуметтік көмек аумақтық учаскелік комиссисының шешіміментағайындалып төленуде. Кедейлік деңгейінің 20789 теңгеге көтерілуіне байланыстыбүгінге дейін 6829 отбасына 1 миллиард 543 миллион теңге тағайындалып төленді.Сондай-ақ 2380 отбасына АӘК тағайындаудан бас тартылса, 1004 отбасыныңқұжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілуде. Масылдыққа жағдай жасамау мақсатындажалған мәлімет ұсынған, табысын жасырған және т.б. мәліметтерді анықтау үшін,АӘК алушы отбасылардың тұрмыстық жағдайы қайта тексерілуде.

Бүгінде541 отбасына тексеру жасалып, нәтижесінде 63 отбасының өтініші қайта қаралып,әртүрлі себептермен (көрсетілген мекенжайда тұрмайтыны, материалдық жағдайыныңжақсы, ата-анасымен бірге тұрып жатқаны, бірақ өтініште көрсетпеген, бағалыавтокөлігі және арнайы техникалары, базарда өзінің жеке кәсібі бар, жалғанақпарат және т.б. мәлімет ұсынғаны үшін)  32 миллион 896 мың теңге төлемтоқтатылыпты. Бұл ретте 1 миллионнан аса теңге мемлекет қазынасына өз еркіменқайтарылса, 2 құжаттың материалы сотқа беріліп, 132 құжат салық басқармасына, 9құжат еңбек инспекциясына жіберіліпті.

Фото: sputniknews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега