Таразда 17 643 адам тұрғын үй кезегінде тұр
Тараз қаласында қазіргі таңда пайдалануға берілген тұрғынүй көлемінің жалпы аумағы 181,5 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі117,1 пайызды құрады.
Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтыр бұл көрсеткіш 155мың шаршы метрді құраған болатын.
Есепті кезеңде қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғаназаматтардың саны – 17 643 адам болып отыр. Оның ішінде көпбалалы отбасылар –1489, 29 жасқа толмаған жетім және ата–анасының қамқорынсыз қалған балалар –1935; әлеуметтік жағынан қорғалатын топтар – 8513; мемлекеттік,бюджеттік және әскери қызметкерлер – 5706).
Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқаптареспубликалық бюджет есебінен жартылай арендалық және жартылай аз қамтылғанкөпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі 4 тұрғын үйлердің және облыстық бюджетесебінен 80 пәтерлі 1 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек,үстіміздегі жылы 15–ші мөлтек ауданында 80–пәтерлі 10 несиеге берілетін тұрғын пайдалануға берілді. Сондай–ақ, аталған алқапта, жергіліктіатқарушы органдардың облигациялар шығару жолымен 60–пәтерлі 11 кредиттікүйлердің құрылыстары жүргізіліп жатса, тағы да 80 пәтерлі 11 арендалық тұрғынүйдің құрылысын бастауға қалалық бюджеттен 22,0 миллион теңге қаржықарастырылды. Бұдан бөлек, кезекте тұрған көп балалы аналарға арналған «Арай»тұрғын алқабы мен «Қарасу» мөлтек ауданында 45 пәтерлі 8 шағын жатақханалардыңқұрылысын облыстық бюджет есебінен қаржыландырып, ағымды жылы пайдалануға берукөзделуде.
Келесі кезеңге 80 пәтерлі 23 тұрғын үйлердің құрылыстарын2020–2021 жылдары жүргізужоспарлануда. Жеке тұрғынүйлер құрылысы бойынша Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 555 жер теліміндежеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегікоттедждік үйлердің құрылыстарын жүргізу үшін жер телімдері белгіленген. Оның255–не 4 мердігер келісім шартқа тұрды («КСС контракшин» ЖШС – 5; «РемСтрой СС»ЖШС – 150; «Сырым Білеке» ЖШС – 50; «Дәмдес» ЖШС – 50). Қазіргі таңда 14 үйдіңқұрылыстары аяқталып, 4 үйге әлеуетті сатып алушы анықталды. Бұдан бөлек,қосымша 26 үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлерді сату мақсатында 2006 жылыжер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға түсіндіру жұмыстары аяқталуда. Осы жұмыстар кезең – кезеңімен өзжалғасын табатын болады.
Есепті кезеңгежеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға 72 250 азаматтаркезекте тұр. Осы мақсатта жер кезегінде тұрған азаматтарға алдағы уақытта жертелімдерін беру үшін 4 алаң дайындалуда.
Олар,Асқаров көшесінің соңында, «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал» және «ШалғайҚарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар, бұл жерде барлығы 3752 кезекте тұрғаназаматтарды жермен қамту жоспарлануда. Алқаптарда инженерлік инфрақұрылымжелілерін жүргізуге жобалау сметалық құжаттамалары әзірлеу қала бюджетінен іскеасырылып жатса, құрылыс жұмыстарын жүргізу жоғары тұрған бюджеттер есебіненжүргізу көзделуде.