Таразда коронавирус жұқтырған дәрігер ауруханадағы мәселелерді ашып айтты
Бүгін Фейсбукәлеуметтік желісінде коронавирусжұқтырған дәрігердің жазбасы Денсаулықсақтау министрінің назарына ілікті.
Әлеуметтік желідегіжазбасында дәрігер Толқынай Ордабаева «Мен Мерке орталық аудандық ауруханасындаинфекционист дәрігерімін, қазір Тараз қаласындағы жұқпалы ауруларауруханасындамын және коронавирустық инфекциядан емделіп жатырмын»,-дей келе,ауруханадағы жағдайды сипаттаған.
Дәрігердіңайтуынша, Мерке орталық аудандықауруханасының әкімшілігі қысым көрсетіп, медициналық персоналды маскалардытігуге мәжбүрлеген. «Олар жұмыстабетперде және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпейді. Қайтаөңдеуге мәжбүр. Мұның бәрі иммунитеттің төмендеуіне әкелді Науқастарменбайланыста болғандарды 14-ші күні тексеру мүмкін болмады, себебі Жамбылоблысында оны тексеретін құрал жоқ. Сондықтан олардыкоронавирусқа соңғы бақылау сараптамасынан өткізе алмай, ауруханадан шығаруғатура келді", — дейді дәрігер.
Қазіргі уақытта ол вирусқа қарсы«Алувия» препаратын қабылдап жатқанын да айтқан. Оның айтуынша, Жамбыл облысыныңДенсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің коронавирус жұқтырғанын жасырып отыр.
«Жамбыл облысы Денсаулық сақтаубасқармасының маскаға, вирусқа қарсы дәрі-дәрмеке, сараптамаларға бөлген ақшасықайда? Неге коронавирусқа сараптама жасалмай жатыр? Жұмыс орнында негеэпидемиологиялық тергеу жүргізілмейді?», — дейді дәрігер.
Министр Елжан Біртанов аталмыш шағымға қатысты Тауарлар қауіпсіздігі мен сапабақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабековаға осы мәселені шешуді тапсырды.
Біртанов Жамбыл облыстық Денсаулықсақтау басқармасының өкілдері осы дерекке қатысты қызметтік тергеу басталғанынайтып өтті.