Өңір

Таразда «Қызыл сызықтағы» 13 құрылыс нысаны бұзылады

Қаһарына мінгенҚарабалаев Таразды күл-қоқыстан аршып, бей-берекетсіздіктермен бел шешіпкүресуді бастап кетті.

Jasalash.kz

Соңғы күндердегі қауырт жұмыстардың нәтижесінде 374тонна күл-қоқыс шығарылып, 58 шақырым арық жүйесі тазартылған.

Тараз қалалық ішкісаясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекованың айтуынша, Тараз қаласында 1799тал-дарақ бұталанып, 103 құрылыс нысанының қоршаулары қалыпқа келтірілген.Бей-берекет орналасқан 109 сауда орынын тып-типыл етіп, заңсыз тұрған 65дүңгіршекті алып тастаған. «Қызыл сызық» нормаларын бұзған 13 құрылыс нысанынбұзуға пәрмен берілсе, 127 бизнес субъектілерінің ғимараттары эскиздік жобағасәйкес жаңартылған. Ал жабайы жарнамалар ілінетін орынға айналған 221 аялдамасырланып, қалыпқа келтірілген.

Бұл жұмыстар«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылып,инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау және аумақтық округтерді абаттандырумен санитарлық тазалықты қадағалау мақсатында Тараз қаласында құрылған 11 мобильдіктоптар құрылған. 

Мобильдік топтарқұрамында зиялы қауым өкілдері, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері,облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері,учаскелік полиция инспекторлары, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердіңсапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері болды.

Дегенмен осыжұмыстардан кейін де аялдамаларға қайтадан жарнамалар, хабарландырулар жазылғанқағаздарды іліп кеткендер болыпты. Бұл бойынша 50 адам анықталып, оларғаайыппұл салынып, Заң аясында жауапкершілікке тартылған.

Жалпы, Таразқаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 94 жоба жүзегеасырылып, 5664 жұмыс орыны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде «Жұмыспен қамтуорталығында» ресми жұмыссыз ретінде тіркелген 2822 адамға «екі қолға бір күрек»табылатын болады.

Бұл бағыттағыжұмыстар ары қарайда өз жалғасын таба бермек. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега