Әлеумет

Тараздағы ыстық су құбырлары қайта жасалады

Бұған дейін белгілі болғандай, жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы көп кабатты тұрғын үйлерге ыстық судың жетіспеушілігі мәселесі шешімін қашан табады?

Jasalash.kz

Ыстық судың аздығы, үзіліспен берілуі, тіпті тоқтап қалуы тұрғындарды алаңдатып отыр. Осыған байланысты Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Князь Тұртаева бірқатар мәселелерге қатысты жауап берді.

Тұртаеваныңқатысуымен өткен Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ыстықсудың уақытша тоқтауына қатысты және қаладағы су құбырларының жаңартылып,өңделіп жатқаны жайлы айтылды.

«Өңірде сәуірайының алғашқы онкүндігінде орташа ауа температурасы күндіз 10-25, ал түнде5-10 градус аралығында жылы болуына байланысты жергілікті биліктің шешімінесәйкес жылыту маусымы 7 сәуірде тоқтатылғаны рас. Енді энергияныөндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындар күшімен магистральді және ішкі орамдықжылу желілерін жөндеу және қысыммен тексеру жұмыстары жүргізіле бастайды. Бұлжұмыстар 15-20 күнге созылады», — дейді Князь Тұртаева.

Өңірлік коммуникацияларқызметінің баспасөз мәслихатында Тараз қаласы жылу желілеріне байланысты «Нұрлыжол» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан мәселелер де сөз болды.Мәселен, Тараз қаласы аумағындағы жылу желілерін қайта жаңғыртудың екі өтпеліжобасы мен қайта калпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұртаеваның айтуынша,ыстық суға қатысты уақытша келеңсіздіктер осыған байланысты. Дегенмен, мұндайыңғайсыздықтар тек құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақтарда ғана, кезең-кезеңіменорын алады.

Баспасөзмәслихатына «Таразтрансэнерго» МКК директорының міндетін атқарушы ЖақсылықЖогибаев та қатысты. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес атқарылатыншаруалардың барлығы кезек күттірмес мәселелер. Өйткені, қаланы ыстық сумен жәнежылумен қамтамасыз етіп тұрған құбырлардың кейбірі сонау Совет өкіметі кезіндесалынған. Сол себепті, жиі жарылып кетеді. Қазіргі атқарылып жатқан шаруаларда, әсіресе, қыстағы құбырлардың жарылып кетпеуі үшін керек.

«Жылу құбырыжүйесінің ұзындығы 188 шақырымды құрайды. Біреуі ауыстырылып жатса, екіншісіістен шығады. Жалпы олардың 72 пайызға жуығы әбден ескіріп, тозған. Мәселен,қазір құбырлары алмастырылып жатқан 5 шақырымдық екінші магистраль 1972 жылы,ал 4,1 шақырымдық төртінші магистраль 1981 жылы жүргізілген. Биылғы қысқы жылыту маусымындаосындай ақаулы құбырлардың су қысымына төтеп бере алмай, сыр беруінің 40-қажуық дерегі тіркелді. Бұдан басқа ішкі орамдық жылу құбыры желілері дежаңғыртылуда», – дейді Жогибаев.

Жалпы жоспарғасәйкес, биыл Тараз қаласы бойынша 712 кқпқабатты тұрғын үйге сапалы ыстық суберу көзделген. Жақын арада қаланы ыстық сумен қамтамасыз етуге «Жамбыл-Жылу»кәсіпорны мен «ТемірЖол-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тартылуда. Айталық,«Жамбыл-Жылу» кәсіпорны мен 1-АҚ жылу көзінен қаладағы көппәтерлі 85 тұрғынүйге, 1 мамырдан бастап 16 қыркүйекке дейін «Қаратау», «Қарасу» тұрғын үйалаптары мен «Қант қалашығы» ықшам ауданына ыстық су беру жұмыстарыжүргізіледі. Сонымен қатар, «ТемірЖол-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Байзақбатыр көшесіндегі «Газовка» қазандығы арқылы 19 тұрғын үйді 1 мамыр мен 5маусым аралығында ыстық сумен қамтамасыз етпек.

Фото: ustinka.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега