Таразды абаттандыруға 1 млрд 870 млн теңге бөлінген
Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде Тараз қаласынкөркейту мен туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылуда.
Бұлретте биыл облыс орталығын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықжұмыстарына 1 миллиард 870,8 миллион теңге бөлініп отыр.
Атап айтқанда, бұрынғы «Атшабар» аллеясы «Жастар аллеясы»болып өзгертіліп, аталған аллеяда «Білім», «Қарахан – Айша бибі» стеллаларыжәне заманауи су бұрқақтар орнатылды. Сондай-ақ, аллеяның ортаңғы бөлігіндеғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға мүмкіндік беретін интернет-кафе бойкөтерсе, аллеяға үлкен LED-экран қойылып, жаз мезгілінде концерттер мен кинокөрсетілетін болады. Сонымен қатар, Жеңіс мейрамы қарсаңында Б.Момышұлы атындағы«Жеңіс» саябағында «Даңқ залының» құрылысы аяқталып, халық игілігінепайдалануға берілді.
Қаланы көркейту жұмыстарын жалғастыру мақсатында,үстіміздегі жылы Төле би даңғылы бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап«Қарахан» кесенесіне дейінгі сквері, жаяу жүргіншілер аймағы мен аллеясын(арбат) абаттандыру мен «Көне-Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40метрден тұратын «Сағат» стелласы орнатылатын болады.
Бұдан бөлек, Шахристан» тарихи кешенінде өлкетанумұражайының, көрме павильонының, «Руханият» орталығының, көркемдікбейнелеу өнері, қол-өнер шеберлері галереясының және «Ретро-фестиваль»амфитеатрының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы нысандармен қатар,тарихи кешеннің абаттандыруы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымжелілерінің құрылыс жұмыстары басталады.
Тараз қаласының 2025 жылға арналған дамуының басжоспары 2010 жылы бекітілген.
Бүгінгі күнге, бас жоспардағы қайта жаңғыртылатынаумақтар 55,7 пайызға егжей-тегжейлі жоспарлаумен қамтылған. Болашақта басжоспарды толық орындау мақсатында жалпы аумағы 7 072 гектар көлемін егжей-тегжейлі жоспарымен қамту қажет. Осы жұмыстар үш кезеңге бөлініп,үстіміздегі жылы 2 960 гектар аумақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларыменқамтылатын болады.
2018 жылы, алғашқы кезеңдерге құрылыс жұмыстарды жобалаумақсатында қала орталығының 102 гектарға, «Тектұрмас» тарихи-мемориалдықкешенінің 59 гектарға, «Арай» тұрғын алқабының 241 гектарға және «Көлтоған»,«Жиделі», «Қарасай», «Қызыл-Абад» тұрғын алқаптарының 556 гектарға, жалпы 958гектарына егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленді.
Қаладағы өзекті мәселелердің бірі «Құмшағал», «Шөлдала»тұрғын алқаптарының аумағында орналасқан 28 саяжайға «тұрғын алқап» мәртебесінберу мақсатында жалпы 1028 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітіліп,саяжай тұрғындары жер бөліміне өтініштерін беруде.
Келесі кезекте, қаладағы 6 418 гектар құрылысыжүргізілген аумақтарда инженерлік геодезиялық жұмыстарын жүргізу (7347гектарына немесе 53,4 пайызына тиісті геодезиялық жұмыстары жүргізілген).Оның 2019 жылы 3086 гектары қала бюджеті және «Қала кадастр» кәсіпорыныесебінен топо түсіріліммен қамтылатын болады. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілмек екен.