Тарифтер президентті ғана тыңдайды
Қазақстанда тарифтердің тымқымбат екенін депутаттар талай мәртекөтерген. Коммуналдық қызметтердің бағасы қоғам белсенділерінің де ең сүйіктітақырыбы екені рас.
Үкімет мүшелері де ара-тұра монополистердің тәбеті туралыәңгіме қозғап тұрады. Бірақ біздің тарифтеріміз президенттің айтқанын ғанатыңдайды.
Естеріңізде болса, осыдан екі жылдай уақыт бұрын Н.Назарбаев коммуналдыққызметтердің ақысын төмендету туралы тапсырма берген. Президент айтқан соң,қоғамдық тыңдаулар өтіп, монополистер төлемақыны 5-10 пайызға төмендеткен. 23наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтөтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет түрлерінің тарифін төмендетудітапсырды. Енді оны орындау үшін Түркістан облысы мен Шымкентте ауызсу менжарықтың бағасы қайта бекітілді.
Түркістан облысы Мақтаарал өңірінауызсумен қамтамасыз ететін «Мақтаарал-Сервис» мекемесі тарифті 5 пайызға,«Теміржолсу Арыс» ЖШС 4 пайызға, «Уранэнерго»ЖШС 10 пайызға, «Түркістан-Су» 5,7 пайызға арзандатты.«Энергопоток» ЖШС электрмен жабдықтау қызметінің тарифін 13,86 теңгеден 13,44теңгеге немесе 3 пайызға түсірді. Шымкенттеде жарықтың бекітілген тарифі аздап төмендетілді. Мегаполиске ауызсу беретін «Су ресурстары –Маркетинг», «Тасқұдық Бак» және «Сайрам су» кәсіпорындары өз өнімдерінің құнын5 пайызға арзандатып отыр.
Енді 5 пайыз арзаншылықтың тұтынушының қалтасынақаншалықты әсер ететінін есептеп көрейік. Егер сіз өткен айда ауызсуға 800-1000теңгенің шамасында төлемақы берген болсаңыз, төтенше жағдай кезінде отбасыңыздыңбюджеті шамамен 40-50 теңгедей ақшаны үнемдейді екен. Өкіметтің берген 42 мыңтеңгесіне малданып отырғандар үшін 40-50 теңге де әжептәуір қаржы емес пе?Монополистердің президент тапсырмасын елеусіз қалдырмай, әйтеуір бір әрекет жасағанына, 40-50 теңгеменболса да жарылқағанына қуануымыз керек шығар. Егер ол болмаса қайтер едік?!
Жалпы, тариф мәселесі Шымкентте көптен бері көтеріліпжүрген өте өзекті тақырып. Осы мәселемен соңғы 2-3 жылдың көлемінде айналысыпжүрген заңгер, қоғам белсендісі Тілеулес Лестің айтуынша, тарифтердімонополистер негізсіз көтеріп алған.
– Шымкентте ауызсуға бекітілген тарифтің тым қымбат екенін айтып, қалалықәкімдікке барғанбыз. Қала әкімінің сол кездегі коммуналдық салаға жауаптыорынбасары Бұхарбай Пармановтың атынан монополиске хат жолданған. Бірақ бұлхатқа жауап та берілген жоқ. Бұл мәселені «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС басшылығыменде талқылағанбыз. Басшылар «егер қойып отырған талаптарыңыз орынды болса,төмендетеміз» деген. Зерделеу барысында біраз жайт анықталды. Кәсіпорын судыешкімнен сатып алмайды, тасымалдамайды. Қалаға су айдайтын 50 шақты насосы бар. Қыста олардың 15-20 шақтысы ғанажұмыс істейді. Электр энергиясына табыстың 2 пайызы ғана жұмсалады. Бірақтарифті бекітер кезде 50 насостың шығыны көрсетіледі. Бюджетке төленетінсалықтарды есептеу кезінде де осындай әдіс-тәсілдер қолданылады. Менің есебімбойынша, қалада ауызсудың тарифі 88 теңге емес, 47 теңгені құрауы тиіс, – дейдізаңгер.
Тілеулес Лестің айтуынша, монополистер тарифті көтеру үшін мекеме шығынынәдейі қолдан көбейтеді.
– Мегаполисті жарықпен қамтамасыз ететін «Оңтүстік жарық», «Энергопоток»кәсіпорындары қызметтік көліктерін, отыратын ғимаратын жалға алады. Нәтижесіндешығын қолдан көбейтіледі. Тарифтің ішіне инвестиция ретінде қосымша шығынқосылады. Осы инвестицияның есебінен электр жүйесі жөнделеді, жаңартылады. Бұлжұмыстардың тапсырыс берушісі де, мердігері де монополистің өзі. Жөндеужұмыстары қай жерде жүрді, қандай сапада жүрді, ол жағын құпия ұстайды. Жүйе жаңартылған соң, энергия тасымалдаудыңсапасы артып, шығыны азаюы тиіс емес пе? Алайда монополист мұны есепкеалмайды. Электр энергиясының тарифіненпайда тауып отырған компаниялар да бар. Кейбір компаниялар Қазақстанға жарықжетпей қалған кезде шетелден энергия сатып алумен шұғылданады. Тексерубарысында осындай компанияның бес жыл бойы шетелден бір киловатт та жарық сатыпалмағаны анықталды. Бірақ компания осы бес жыл бойы тарифтен өз үлесін алыпотыра берген, – дейді заңгер.
Ал Шымкент қаласы мен Түркістан облысында табиғи газға қатысты дау-дамай соңғы4-5 жылдың көлемінде толастаған емес. Республикада газға қымбат төлейтін де осықос өңір. «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесі тарифтің қымбаттығын табиғи газдытасымалдау шығынының көптігімен түсіндіреді. Алайда қолғам белсенділері,жергілікті әкімдік мұнымен келіспейді. Монополиске республика бойынша бірыңғайтариф енгізу ұсынылды. «ҚазТрансГаз Аймақ» бұған келіспеді. Газдың бір бөлігінбұрынғысынша Өзбекстаннан тасымалдау туралы пікірлер де айтылған. Осыдан екі жыл бұрын Жансейіт Түймебаевтыңтұсында газдың тарифіне қатысты мәселеқатты көтерілді. «ҚазТрансГаздың» қызметінен бас тартып, облысты газбенқамтамасыз ететін өз алдына кәсіпорын құру туралы бастама айтылған еді. Ол аяқсызқалды. Дегенмен сол жылдары Шымкентте табиғи газдың бағасын 34 теңгеден 32теңгеге төмендетуге қол жеткізілді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасынақатысты «ҚазТрансГаз Аймақ» әзірге ешқандай жағымды жаңалық жариялаған жоқ.
Төтенше жағдай кезінде тарифтерді оңтайландыру, дағдарысқа қарсы шараларөңірлерде осылай жүріп жатыр. Мұның елдің мойнына түскен ауыртпалықтықаншалықты жеңілдете алатынын енді өзіңіз сараптап көріңіз. Бірақ тарифкеенгізілген арзаншылық төтенше жағдай кезінде ғана әрекет ететінін ұмытпаңыз.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Шымкент қаласы