Тәшиев ісі: Сот отырысы шегерілді
Бүгін Бішкек қалалық сотында қоғамда резонанс тудырған іс бойынша жабық сот отырысы өтті. Адвокат Жыргалбек Бабаевтың айтуынша, сот отырысы 13 тамызға шегерілген.
Қорғаушылар мен іс бойынша айыпталған тұлғалар прокуратураның апелляциялық өтінішімен танысуы қажет.
Шілде айының басында Бірінші мамыр аудандық соты Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Камчыбек Тәшиевті, бұрынғы бас прокурор Курманкул Зулушевті және экс-спикер Нурланбек Тургунбек уулуды төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Сондай-ақ олардың мүлкін тәркілеу және кейін үш жыл пробациялық бақылауда болу жазасы белгіленген. Олар билікті басып алуға әрекет жасау бабындағы кінәсін мойындаған. Алайда қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану эпизоды бойынша ақталған.
Бекболот Талгарбеков, Эмиль Узакбаев, Аалы Карашев, Курманбек Дыйканбаев және Курсан Асанов та төрт жылға сотталған, алайда оларға мүлікті тәркілеу жазасы қолданылмаған.