Саясат

Тасмағамбетовты пенсияға жіберді

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ зейнеткерлікжасқа толуына байланысты елшілік қызметінен босатылды.

Jasalash.kz

Бұл туралы akorda.kzхабарлады.

9 желтоқсан күні 63 жасқа толған ИманғалиНҰРҒАЛИҰЛЫ осылайша саяси карьерасын Мәскеуде аяқтады. Ол 2017 жылыҚазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалғанболатын. Сол кезде сарапшылар «алда президенттік транзит келе жатыр, солсебепті Тасмағамбетов елші боп елден кетті» деген пікір білдірген-ді.

Иманғали Тасмағамбетов премьер-министр, президентәкімшілігінің жетекшісі, мемлекеттік хатшы, қорғаныс министрі, Астана менАлматы қалаларының әкімі қызметінде болды.

Фото: tengrinews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега