Оқиғалар

Тасқын суда қалған бір азамат құтқарылды (видео)

Мақтаарал ауданында су басқан ауылдардың саны артыпкеледі. Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша,бүгіннен бастап 194 үйден тұратын Өргебас ауылының халқы қауіпсіз жергекөшірілуде.

Елдімекенге су басу қаупінің  туғаны бүгін таңертең белгілі болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары аталған ауылдыаралау барысында тізесінен жарақаттанып, жүре алмай қалған  1996 жылы туған тұрғынды құтқарып, қауіпсізжерге жеткізді. Азаматтың өміріне еш қауіп жоқ. Дәрігерлер денсаулығынтексеруде.

Ал мұның алдын Фирдоуси ауылында 250 үй тұрғындарыэвакуацияланған болатын.

-2 мамыр күні кешкісін ауылдың орталық көшелерін аралаубарысында Түркістан облыстық ТЖД мен Полиция басқармасы қызметкерлері ысылдағандауысты құлақтары шалып қалған. Анықтап барып қараса, су бетінен кішкентаймұрын көрінген. Тарта келе, оның бұзау екені анықталып, құтқарушылар жануардыбатпақтан шығарып алды,-деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникацияларқызметі.  

Жалпы соңғы мәліметтер бойынша су басқан ауылдарда 800-гежуық мал шығынға ұшыраған.

(Төменде бейнежазбада тасқында қалған мал басының судан шығарып алып жатқан көрінісі) 

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ, 

Түркістан облысы 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега