Өңір

Тасқын суды тоқтату үшін Шөкеев шұғыл түрде Өзбекстанға аттанды

Мақтаарал ауданындағы елді мекендергеӨзбекстаннан келіп жатқан судың көлемі азайып жатқан жоқ.

Jasalash.kz

Судың қашантоқтайтыны  белгісіз. Мұны бүгінбрифингте Түркістан облысы әкімінің орынбасары, сонымен бірге төтенше жағдайжөніндегі штаб жетекшісінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты.

Оның сөзіне қарағанда, бүгін облысәкімі Өмірзақ Шөкеев пен Қазсушар мекемесінің басшылары осы мәселені шешу үшінӨзбекстанға кеткен. Олар сонда Өзбекстанның Су ресурстары министрлігініңмамандарымен кездесуде.

Естеріңізге сала кетсек,  Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба суқоймасындағы бөгеттің бұзылуы 1 мамыр күні таңертеңге сағат алтылардыңшамасында болған. Мақтаарал ауданы әкімі Бақыт Асановтың айтуынша сол күніӨзбекстан тарапынан су басу қаупі туралы ешқандай хабар берілмеген. Жергіліктібасшылар мұны әлеуметтік желіден білген. Кешкісін каналдағы су деңгейі көтерілген.

Облыс әкімдігінің таратқанмәліметіне қарағанда,  Мақтааралауданында бүгінгі күні төрт елді мекенді су басқан. Жаңа тұрмыс ауылында-46 үй,Жеңіс ауылында -130 үй, Фердауси ауылында -250 үй және Өргебас ауылында  -194 үй, жалпы аудан бойынша 620 үй су астындақалды.

Тасқын су көршілес Жетісайауданындағы Қоғалы елді мекенінінің тұрғындарын да алаңдатып отыр.  Бірақ Жетісай аудандық әкімдігі каналдардыңарнасын бекіту арқылы қауіптің алдын алуда. Егер Қоғалыны су басу қаупі туса,тұрғындарды дереу көшіру жағы  алдын алаойластырылып қойылған.

«Нұр Отан» партиясы Түркістаноблыстық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бесенбай Тәжібаевтың айтуынша,Мақтааралға республикадағы өзге өңірлерден алғаш болып Жамбыл облысы көмекқолын созды. Қазіргі уақытта Жамбылдан       азық-түлік, киім-кешек, басқада қажеті заттар тиелген үш жүк көлігі жолға шықты.

Осындай қиын жағдайды пайдаланып,жалған қор ашушылар да кездесіп жатқан көрінеді. Қазір олардың ісімен құқыққорғау орындары айналысуда.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега