Тау соғысы
Қуанышбек Сыздықов Қызылорда қаласында дүниеге келген.Облыс орталығында Бірінші май атындағы орта мектепте білім алған.
1979 жылы 17 сәуірде Кеңес әскеріқатарына шақырылып, азаматтық борышын Венгрияның Папа қаласындағы №20623 әскери бөлімшенің мотоатқыштар полкінде өтеген. Сол жылы желтоқсан айында Ауғанстанға Кеңесәскерінің кіргізілуіне байланысты Венгриядан сол жаққа аттанады. Содан 1981жылы 7 шілдеде елге оралады. 1981 жылы тамыз айында Алматы милиция мектебінің күндізгі бөліміне оқуға түскенол оны бітірген соң Қармақшы ауданында Жаңақала, Қуаңдария, Майлыөзексовхоздарында учаскелік инспектор қызметін атқарды. Ал 1989-1997 жылдараралығында Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінде, облыстық ішкі істер басқармасында түрлі лауазымды қызмет атқарған. 1997 жылыденсаулығына байланысты ішкі істерсаласынан милиция майоры шенінде зейнеткерлікке шықты.1997 жылдан бері облыстық төтенше жағдайлар басқармасында бас маман болып,«Семсер секьюрити» күзет компаниясында еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігіинженері болды. Қазіргі таңда сыр елін таза ауыз сумен қамтамасыз ететін«Аквалайн» компаниясында ішкі бақылау бөлімі басшысы болып қызмет атқарады.
Бүгін біз интерноцианалист жауынгердің естеліктері менсол жылдары жазған өлеңін жариялап отырмыз.
Ауғанстанда біздің №39676 әскерибөлімшенің №191 мотоатқыштар полкі 1980 жылдың бас жағында Джаркудук, Нахрин,Полихумри, кейінрек Гавни провинциясында тұрақты орналасты. Нахрин провинциясында тұрғанкезімізде біздің 2-ші мотоатқыштар ротамызға тауда Кеңес Одағымен байланыстырып тұрған стратегиялық маңызы бар асудытәулік бойына күзету тапсырылды. Өйткеніол жерден Кеңес әскерінің колонналары өтетін.
Сол жылы наурызайының 19 күні сағат түнгі төрт шамасында ұлты башқұрт жауынгер Иргашев Ильдарекеуміз асудың ортаңғы жолын күзетіп тұрдық. Сорғалаған жаңбырға және қоютұманға қарамастан жолды қырағы бақыладық. Соның арқасында бізге жасырын түрде жарды жағалап келе жатқан дұшпанды байқапқалып, оларға оқты қарша бораттық. Ақыры қолға түсірдік. Дұшпандардан 1941-45жылы соғыста пайдаланылған автоматтар мен танкіге қарсы мина тәркіледік. Олардың мақсаты жолды миналап кету болған.Біздің осы ерлігімізге полк басшылығы риза болып, ауылдағы ата-анамызға мақтауқағазын жіберді. Полк жауынгерлерініңалдында оқып берді. Ол кезде орден-медалға ұсыну әлі қалыптаспаған болатын. Үйдегілерхатты алғанда Ауғанстанда жүргенімізді бірінші рет естіді.
28 шілде күні полкбарлаушыларынан түскен мәлімет бойынша сырттан жасырын келген диверсиялық топтытауып және олардың көзін жою операциясының жүріп жатқанына төртінші күнболатын. Біздің рота бірінші болып олардың соңына түстік. Тауға көтеріліп кележатқанымызға төрт сағаттай болған. 14 адамнан тұратын диверсиялық топ бізді байқап қалып, төрт адамды тойтарыс беруге қалдырып, қалғандары ізін суыту үшін тауғаөрмелеп кете берген. Қалғандары Калашников автоматы, пулеметпен қаруланғанекен. Біздің рота әлгі төртеу жасырынып жатқан жерге жақындай түскенде, оларкүтпеген жерден бізге оқ жаудырды. Қиын шайқас басталып кетті. Олар таудыңбасында өздеріне ыңғайлы етіп тастан қалаған бекіністе паналады. Ал біз жыраның төменгі жағында, жауға анықкөрінетін ашық жерде қалғандықтан өте қиын болды. Осындай сын сәтте жол табабілдік. Менің гранометімнен атылған оқжаудың бекінісіне бағытталып, олардың бас көтеруіне мұрша бермедік. Осыны пайдаланған украиндық жауынгер Игорь Ткаченкожаудың бекінісін айналып өтіп, үстіңгі жағынан келіп, өзіндегі сегіз дана Ф-1 қол гранатасымен олардыңкөзін жойды.
Небәрі бір сағаттайуақытқа созылған осы шайқаста бес жауынгеріміз қаза тауып, бесеуі ауыржараланды. Осы шайқаста көрсеткен ерліктеріміз үшін бөлімше командирі ИгорьТкаченко «Қызыл жұлдыз» орденімен, мен «Ерлігі» үшін марапатына ұсынылдық.
Осыдан кейін басқада операцияларда әскери шеберлік, төзімділік, қайсарлықты танытқаным үшін ротабасшылығы маған жеті жауынгердің өміріне жауаптысың деп, кіші сержант дәрежесінберді. Мені бөлімше командирі етіп тағайындады. Маған тапсырылған сенімдісоғыста болған 1,5 жыл ішінде естен шығарған емеспін.
1981 жылдың 14 маусымындабіздің 1-ші батальон құрамында соңғы рет (елге қайтатын мезгіл де таяған) екікүндік жердегі Бараки провинциясының таулы аймағында шоғырланған дұшпандарбазасын талқандап үшін операцияға шықтық. Осы жолда батальон құрамындағы коллонадан9 техника минаға жарылды. Оның ішінде алтауы Т-62 танкі, біреуі Уралавтокөлігі, біреуі Газ-66 автокөлігі, ең соңғы болып 529-шы мен мінген БТРжарылды. Мен көліктің алдыңғы оң жағында отырдым. Мина БТР-дің сол жақ артқы3-ші және 4-ші дөңгелегін жұлып кетіп, мина жарықшақтары БТР-дің артқы люкүстінде отырған екі өзбек жігітіне тиді. Рустам Телманов сол жерде қайтысболды, ал Дороп Джалилов ауыр жараланды. Мен жеңіл жарақат алдым.
Алдағы БТР-дағықармақшылық жерлесім Айтмағанбет Сарөзенов екі-үш жауынгерімен келіп меніаяғымнан тартып, сыртқа шығарып алған екен. Есімді жиып, аман екенімді білгендежүрегім алқымымнан шығып кете жаздады. Экипаждың қалған мүшелері аман қалды. Минағажарылған сегіз техникадан адам шығыны болған жоқ. Осы операцияны 6 шілдедеаяқтап, Газниге полкке оралдық. Ертеңіне – 7 шілде күні Отан алдындағыазаматтық борышымызды аяқтап, елгеоралдық.
Ауған соғысы туралы жыр
Тыңда халқым жыретейін,Сұрапыл ауған соғысын.Күнделігін сол жылдардың,Парақтайын беттерін.
Жетпіс тоғыздыңсәуіріндеСоғысқа біз аттандық.Азаматтық борышты,Венгрияда атқардық.
Мадиярлардыңқаласында,Мотоатқыштар полкінде.Әскери қызмет өтіп жатты, Бейбітшілік өмірде.
Ай артынан айларжылжып,Сегіз ай өтті зымырап.Антқа берік сарбаз болдық,Қайсар өңді шымыр-ақ.
Жер бетінде еламанда,Бейбітшілік заманда.Алаулаған соғс отыТұтанып кетті ауғанда.
Жетпіс тоғыздыңжелтоқсаныСоғыс хабарын жеткізді.Төбемізден жай түскендей,Сезімде болдық сол күні.
Бір түнде біздабылданып,Сап түзедік бәріміз.Қару-жарақ азық алып,Жолға шықтық тобымыз.
Венгрияда қалғандоспен,Қимай-қимай қоштастық.Таңсәріде көш түзедік,Оңтүстікті бетке алдық.
Ұшақ отырып, поездмініп,Термез келдік артынып.Күтіп алған көліктрмен Шаһар асып тоқтадық.
Союз жақтан келіпжеткен,Әскери техникамен жарақталып.Түнделетіп Ауған шекарасын,Қиып өттік жасырын.
Небір тау-тас,шатқалдардыАртқа тастап келеміз.Әрбір үңгір жартастарды,Қауіпті деп білеміз.
Көш бастаған алғытанкі,Кенеттен минаға жарылды.Осы жерде біз күтпеген,Жау жағадан табылды.
Мұнымен қоймай дәлкөздеген,Граната оғы жарөылдап,Колоннаның соңғы танкісі,Жалын құшты отқа орап.
Командирдің қатқылдауысы,Рациядан естілді.Сол танкінің экипажын Құтқаруды тапсырды.
Осы кезде оқборады,Биік асу шыңдардан.Досқа көмек бермек түгіл,Аман қалу болды арман.
Нағыз шайқас өмірүшін,Қантөгісті құраған.Дұшпан тастаған гранатаданАжал құшты бір адам.
Экипажды құтқарамдеп,Барған досым оққа ұшты.Жылдам жолды тазартуға,Бірінші взвод ұмтылды.
Кептелістен шығааламай,Кәріп болдық қапаста.Қанды көзді дұшпан оғынан,Ажал құшты тағыда.
Әрбір минут қымбатеді,Мұнан шығар жол қайсы?Осы кезде тікұшақтарКөктен самғап көрінді.
Көргесін біз тікұшақты,Жігерленіп күш алдық.Жаралылар қиналып-ақҚол бұлғасты қуанып.
Тікұшақтар жақынкеліп,Ажал отын жаудырды.Өмір үшін, достар үшін,Жаңа шайқас басталды.
Соққы үстіне соққыберіп,Жаудың бетін қайтардық.Құты қашып дұшпандардың Біз өжеттеу байқалдық.
Осылайша қандышайқас,Аяқталды шығынмен.Қаза тапт жан достарым,Нағыз ерлік ғұмырмен.
Кім үшін өлді, неүшін өлді,Небәрі он тоғыз жасында?Еліне қалай естіртемін депКүңірендіофицер мырзада.
Ауған соғысыосылайша,Он жылға жуық созылған.Сол соғыста қасіреттіҚұрбан болды көп адам.
Көпшілігіжараланып,аяқ қолдан айырылды.Қанша ата-ана перзенті өліп,Қанаттары қайырылды.
Сол соңыстанкелгендердіңДенсаулығы шамалы.Ауған жерін қорғағанныңКөңілдері жаралы.
Қуанышбек Сыздықов
Ауған соңысыардагері191-полк1-батальон2-ші рота 3отд1979-1981 жж көктемі
Дариға ЖАҚИЯНОВА
Семей қаласы