Тәуелсіздік күрескерлері назардан тыс қалмауы керек
Сенат төрағасыМәулен Әшімбаевтың назарына! Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлыауылында тұратын жазушы, диссидент Кәмел Жүністегі газетімізге жолдаған хатындаҚазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» заңымен танысқаннан кейін көңілгетүйген ойын парламент сенатының спикері Мәулен Әшімбаевқа жеткізуді өтініпті.
Ардагерлер туралы заңды зейін қойып оқып шықтық. Әрине,сіздің бұл заңның осы күйінде қабылданып кетуіне жауапкершілігіңіз жоққа тән. ЗаңдаҰлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер жеткілікті түрде барлық жеңілдіктермен,марапаттармен қамтылыпты. Иә, қазір сол ардагерлерді ауыл түгіл, аудан бойыншаіздеп таба алмайтын кезге жеттік.
Сондай-ақ ардагерлер қатарына 1941-45 жылдар аралығындакемі алты ай жұмыс істегендер (к/з, с/здарда бөгеншік-пагонщик болған балалар),Ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль атом станциясындағы апат зардаптарынжоюға атсалысқандар да іліккен екен. Құптадық. Енді бір «тамашасы» – қайкезеңде болсын талайды зар еңіреткен, ұлт тағдырын ойлаған тұлғаларды қыруғақатысқан КГБ қызметкерлері де ұлт ардагерлері қатарына жатқызылыпты.
Мына заң КСРО Жоғарғы Кеңесінде қабылданған ба деп теқалғандайсың. Неге? Бізге тәуелсіздік аспаннан түскен жоқ. Сол тәуелсіздік үшінарпалысып, құрбан болғандар жетерлік. Кешегі Алаш азаматтары Ахмет Байтұрсынов,Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев және т.б. осы республиканықұруға атсалысқан, «қазағым» деп басын оққа байлаған Н.Нұрмақов, Б.Майлин,С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, және т.б. осы Отан соғысының алдында ғана атылыпкетті. Солардың ұрпақтары әлі арамызда. Соларға деген ілтипат қайда?
Тәуелсіздік үшін күрес бізде тоқтамаған. Соғыстан кейінқұрылған ЕСЕП (Елін сүйген ерлер партиясы) мүшелері тегіс айдалды, 1960 жылыжаңадан қайта құрылған ЕСЕП-тің мүшелері сотталды, «Жас тұлпар» болып,тәуелсіздікті аңсағандар қуғындалды. «Жас қазақ», «Жас ұлан» т.б. ұйымдарталқандалды. Желтоқсан қайраткері, ажал құшқан Қайрат Рысқұлбеков және тағыбасқаларының бірде-біреуі ескерілмеген. Тәуелсіздік үшін күрескендер ардагерлерқатарына кірмеген.
Тәуелсіздік үшін күрескендерді ескермеу – тәуелсіздіктімойындамау. Осындай заңды сенаттағы депутаттардың қызу қолдап, дауыс беруі таңғалдырады.Бірақ олардың кейбіреуін өзіміз де танимыз ғой.
Иә, біз сотталдық. Мына заңға қарасаң, біз «халық жауы»қамытын өз еркімізбен «сұранып», өзіміз кигендейміз. Сол үшін лагерьлерде біздіпышақтап, итке талатыпты. Карцерлерде сүйегіміз сынғанша тоқпақтады. Елгеқайтып келген соң… Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылғанының пәленбайжүздігі деп тойланып жатты. Есі кірмеген қазақ та, орыс та тойда, айқай-шуда.Пәленбай жүздікке арналған жиналысқа барудан бас тарттым. Неге деп сұрайды. «Қазақстан– қатын емес. Қатыннан ғана өз еркіңмен тидің бе, әлде зорлады ма деп сұрайды»деп жауап бергенмін. Оның ақыры балаларымды үйде дәрімен талдырып тастап, үйдетінту жүргізді.
Тәуелсіздік – бабаларымыз аңсаған арман. Соған арнапәкімдердің соңынан қалмай жүріп (біріншісі тауықтың күркесіндей еді, жел ұшырыпәкетті) белгі қойғыздық. Тәуелсіздік үшін күрескен, оққа байланғандарардагерлер заңына кірмесе, ескерілмесе, репрессия құрбандарына арналғанмонументтер не үшін қажет? Жылына бір рет аяқасты жиналып, монументке барып,бірер сөз айтып қайтуымыз ертедегілердің пұтқа табынғанындай ғана шара емес пе?!
Жасым 80-нен асты. Алланың берген жасын жасап өтерміз. Мәселеұрпаққа тіреліп тұр. Жас ұрпақ елін сүйген патриот болып өссе екен дептілейміз. Ұрпақ намысты болу үшін тарихтың қай кезеңінде болсын, қандай қатыгез,апатты заман болса да, елі үшін басын ажалға байлар азаматтардың болғанын біліпөсуі керек. Осыны ұрпақтың санасына сіңіре алмасақ, түбінде не қайыр сұрайаламыз?
Өзіңізденжауап күтемін.
Кәмел ЖҮНІСТЕГІ