Қоғам

Тайландта жоғалып кеткен ресейлік жасөспірімдер қарақшылардың қолынан қаза тапқан

Таиландтың Thairath басылымының мәліметінше, Паттайяда жоғалып кеткен ресейлік 22 жастағы Диана Назимова мен оның 17 жастағы інісі Роман Назимовтың өліміне қатысты ұсталған күдіктілер кінәларын мойындаған.

Фото: ашық дереккөз

Басылымның жазуынша, алғашқы жауап алу кезінде 43 жастағы Тхана Кыттхонг есімді күдікті екі азаматтың да қаза тапқанын және олардың мәйіттері жасырылғанын айтқан.

Оның мәлімдеуінше, Романға оқ атылған, ал Диана соққыға жығылып көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстың негізгі себебі қарақшылық болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер әпкесі мен інісінің мотоциклын иемденуді көздеген.

Естеріңізге сала кетейік, бауырлар 26 шілдеде жоғалып кеткен болатын.

Қазіргі уақытта Таиланд полициясы қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сайт Әкімшілігі