Оқиғалар

«Таза Қазақстан»: тазалықтан экологиялық мәдениетке дейін

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы бүгінде елдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі қозғалысқа айналып келеді.

Фото: из открытых источников

 Оның ауқымы сенбілік өткізумен шектелмей, көгалдандыру, заңсыз қоқыс орындарын жою, аумақтарды абаттандыру және азаматтардың табиғатқа жауапкершілігін арттыруды қамтиды.

2026 жылдың алғашқы жеті айында бастама аясында елімізде 500 экологиялық іс-шара өтіп, оған 6,1 млн адам, оның ішінде 741 мың ерікті қатысты. Нәтижесінде 813 мың тонна қалдық жиналып, 1,2 млн ағаш отырғызылды. Сонымен қатар 117 мың гектар рекреациялық аумақ пен елді мекендер тазартылды.

Экологиялық бақылауда цифрлық технологиялардың да рөлі артып келеді. Ғарыштық мониторинг арқылы 2642 заңсыз қоқыс орны анықталып, олардың 77 пайызы жойылған. Ал TazaQazBot арқылы тұрғындар аумақтарды тазалау, қоқыс шығару, абаттандыру және көгалдандыру мәселелері бойынша өтініш бере алады.

Д.Дүрмән 

Сайт Әкімшілігі