Саясат

Тегеранда Әли Хаменеимен төрт күнге созылған қоштасу рәсімі аяқталды

Иранның жоғарғы рухани көсемі Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі Тегеранда төрт күнге созылып, өз мәресіне жетті. Ол Израиль мен АҚШ-тың әуе шабуылдары кезінде қаза тапқан болатын.

Фото: Mohammed Salem/REUTERS

Қоштасу рәсімінен кейін Тегеранның әуе кеңістігі әлі де жабық күйінде қалып, қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

1989 жылы аятолла Рухолла Хомейниді жерлеу кезінде болған адам шығынының қайталануына жол бермеу үшін бұл жолы Хаменеидің табытының айналасына арнайы бетон қоршаулар қойылған.

Ресми жоспарға сәйкес, марқұмның денесі алдымен Құм қаласына, кейін Ирактағы шиит мұсылмандары үшін қасиетті Наджаф пен Кербала қалаларына жеткізіледі. Сарапшылар мұны Иранның соғыстан кейінгі аймақтағы ықпалын сақтауға бағытталған саяси қадам ретінде бағалап отыр.

Ирандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иракқа баратын делегация құрамында президент Масуд Пезешкиан, парламент төрағасы Мохаммад Багер Ғалибаф және марқұмның ұлы Мұжтаба Хаменеи бар.

Әли Хаменеи 9 шілде күні Мешхед қаласындағы Имам Реза кесенесінің маңына жерленеді. Ал жаңа жоғарғы рухани көсем қызметіне кіріскен Мұжтаба Хаменеи әзірге халық алдына шыққан жоқ.

Сайт Әкімшілігі