Әлеумет

Технологиясы артта қалған Ресейге АЭС салдыруға болмайды

Технологиясы арттақалған Ресей Атом электр станциясы сала алмайды. Салғанның өзінде сапасы сынкөтермейтін болады.

Jasalash.kz

Саясаттанушы Әзімбай ҒАЛИ Жас АЛАШ тілшісіне өз пікірін білдірді.

Кеше 3 сәуір 2019жылы Мәскеуде өткен Қазақстан мен Ресей басшыларының кездесуінде РФ президентіВладимир ПУТИН уақытша президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА Қазақстанда ресейліктехнологиямен АЭС салуды ұсынған еді.

Кеше ғана айтылғанұсынысқа Қазақстан жағы бірден үн қатты. Бүгін Қазақстан энергетикавице-министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ салынуы мүмкін атом электр стансиясынааранлған аумақты да атап үлгерді. Ол Алматы облысындағы Үлкен ауылы.

«Ресейтехнологиясы артта қалған. 2014 жылдан бері шетелден ешқандай жаңа технологиялардыалып жатқан жоқ. Бұл өте қауіпті. Қай жерге болса да салуға болмайды. Ресейсалса да сапасыз салады. Оның күлі де бір жақта сақтау керек. Бізде электорқуатына деген тапшылық жоқ қой. Керек болса жел, күн энергиясы бар. АЭС салутіпті  ЭКСПО өткізген елдің ұстанымына келмейді», — дейді саясаттанушы Әзімбай ҒАЛИ.  

ҚР «Чернобыль Одағы»ассоциациясының төрағасы Виктор ДЕЙМУНД керісінше АЭС салуда Ресейтехнологиясын озық һәм заман талабына сай деп біледі. Алайда, бұл мәселедеқоғамдық тыңдаулар өту тиіс деген пікірде.

«Атом электор станциясынсалатын болсақ өте абай болуымыз қажет. Қауіпсіздік шаралары қолға алынуы тиіс.Чернобыль апатын біз көзімізбен көрдік. Оның зардабын көршілесРесей, Беларусь және Қазақстанда тартты. Ауа арқылы зиянды заттар европаелдеріне де барған. Сейсмикалық қауіп жоқ жер таңдалуы керек. Бастысы қоғамдықтыңдаулар ұйымдастырып, бұл процесстің ортасында халықтың болғаны дұрыс депесептеймін», — деді  ҚР «Чернобыль Одағы»ассоциациясының төрағасы Виктор Деймунд Жас АЛАШ тілшісіне.

Алматы облысы әкімдінің баспасөз хатшысы Ғалмұрат ЖҮКЕЛ өңірде АЭС салынады деген ақпарат түскенімен, ол туралы нақты құжатты түспегенін әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.

Фото: partnersforsustainability.ch

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега