Әлеумет

Текелі өсіп келеді

Кеншілер қаласы атанған Текелі қаласы еліміздегі моноқалалар сапында алдымен аталады.

Jasalash.kz
Тау етегіндегі сұлу көрінісімен аты шыққан шағын шаһар жыл сайын қала күнін ерекше атап өтуге тырысады. Биылғы туған күніне жиналған ел ерекше есте қалады деп тарасты.«Текелі – бақ мекен» атты жағалаудан бастау алған мереке қаланың экономикасына елеулі үлес қосып отырған кәсіпорындар көрмесімен жалғасты. Қаптата шатыр тігілген алаңда әр мекеме өзінің тарихы мен қолдан шыққан дүниелерін көрсетіп қалуға тырысыпты. Қала әкімі Бақтияр Өнербаев өнеркәсіпті өркендетіп отырған кәсіпорындарға ризашылық білдірді. «Рухани қазына», «Мәдени даму», «Туған жер – туған ел», «Саналы азамат», «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша «Өлкетану», «Отаным – тағдырым», жобаларымен танысып, «Текелі-Асар» әлеуметтік сөрелеріне баға берді. Сондай-ақ, бау-бақша өнімдері орналасқан алаңға барып, түрлі көкөністердің көрмесін де аралаған қала әкімі салтанатты жиында:– Биыл қаламыз толайым табыстарға толды. Соның бір айғағы – «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Су құбырлары, жылу жүйелері қайта қалпына келтірілді. Алты көшеде кәріз жүйесі жаңартылды, – деді. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталған қалалық аурухананың ашылу салтанаты да мерекеге орайластырылыпты. Былтыр желтоқсан айында басталған құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, аурухана қайта іске қосылды. Алаңына дейін жөндеуден өтіп, әкімшілік ғимарат, терапия бөлімі, рентгенкабинет, т.б. бөлімдері заман талабына сай құрылғылармен қамтамасыз етілген. Қала әкімі Бақтияр Өнербаев бұл президенттің, депутаттардың, облыс әкімінің, елдің еңбегі екенін айтады. Сондай-ақ, «Фуд-МС» ЖШС жүргізген жұмыстардың жүйелі екендігін айтып, құрылыс мекемесіне алғыс айтты. Нысанға жалпы құны 564 млн. теңге бөлінген.Текелідегі «Достық» ықшам ауданындағы балаларға арналған ойын алаңы да осы күні ашылды. Бұл жерде тек балалар ғана емес, жастар да уақытын тиімді өткізе алады. Алтыбақаннан бастап әр түрлі белтемірлер орналастырылған алаңның ашылу салтанаты балалар мен жасөспірімдердің мерекелік концертіне ұласты.Фото: photogoroda.com
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега