Әлеумет

Павел Дуров iPhone қолданушыларына ескерту жасады

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров iOS операциялық жүйесінің жаңартылмаған нұсқасын пайдаланатын iPhone иелерін кибершабуыл қаупі туралы ескертті.

Фото: ашық дереккөз

Оның айтуынша, кей жағдайда хакерлерге адамның жеке деректері мен аккаунттарына қол жеткізу үшін зиянды сайтқа кірудің өзі жеткілікті болуы мүмкін. Мұндай шабуылдар пайдаланушының жеке ақпаратының таралуына және аккаунттарының бұзылуына әкеледі.

"Егер iOS операциялық жүйеңіз сәл де болса ескірген болса, барлық деректеріңізге қатер төніп тұр", – делінген хабарламада.

Дуровтың мәліметінше, Telegram кейбір құрылғылардың иелеріне арнайы ескерту жолдап, телефон баптаулары арқылы қолжетімді соңғы жаңартуды орнатуға кеңес беріп жатыр.

Сайт Әкімшілігі