Әлеумет

Теміртау мектептерінде сабақ пен құрылыс қатар жүреді

Теміртау қаласындағы мектептерде әлі де жөндеужұмыстары жүріп жатыр. Бір емес,төрт мектепте!

Jasalash.kz

Оқу жылы басталғалы екі ай, бірінші тоқсан аяқталды. Бірақ,мектеп оқушылары құрылыс жүріп жатқан ғимаратта оқуға мәжбүр.

Теміртауқаласындағы №16 мектептің спорт залын жөндеу жұмыстары тамыз айында бітуге тиісболған. Бірақ, онсыз да созылып, уақытынан өтіп кеткен жөндеу жұмыстары тағыбір қырсыққа тап болып тұр. Спорт залдың едені жөндеу жұмыстары аяқталмай жатыпжарылып кетіпті. Мектеп директоры дене шынықтыру сабағын қыста балалар қалай,қайда барып өтеді деп қынжылып отыр. Тағы бір қызық жағдай – бұл спорт залөзгеше спорт зал. Өйткені, мектептің акт залы жоқ болғандықтан, спорт залмектептің мәдени, рухани кештері, жиналыстар өтіп тұратын акт залының дақызметін қатар атқарады. Сөйтіп, өзге жұрт «рухани жаңғырып» жатқанда бұлмектептің руханияты тозығы жеткен спорт залға қарап қалыпты.

Және бір айтакетерлігі – әр дүйсенбі сайын өтіп тұратын апталық жиын (линейка) да осындаөтуге тиіс болған. Бірінші тоқсанда мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен,оқушыларға арналған дүйсенбілік жиналыс өткізілмепті. Өйткені, 800 оқушынысыйғызатын басқа орын жоқ. Сондай-ақ дене шынықтыру сабақтары далада өтіп келген.Күн салқындағалы мүлдем тоқтап тыныпты. Күздің басында да жаңбырлы күндері денешынықтыру өтпей келген.

Соған қарамастан,жергілікті жауапты орындар құрылыс жұмыстарын жылдамдатуды, істі тезірекаяқтауды ойламайтын сияқты. Өйткені, құрылыс жұмыстары тым баяу жүріп жатыр,құрылысшылар да аз.

— Бұл жөндеужұмыстары 31 шілдеде аяқталуы тиіс болатын. Алайда әлі күнге дейін жұмыстарыбітпеді. Төрт адам ғана жұмыс жасап жатыр. Жұмыстың жүріп жатқанына төрт айболды, — дейді мектеп директоры Валентина ГОЛУБЕВА.

Теміртауқаласындағы құрылыс алаңына айналған тағы бір білім ошағы – қыздарға арналғанмектеп. Бұл жердегі жөндеу жұмыстарының 30 пайызы ғана біткен. Мұндағы мектепбасшылығының айтуынша жөндеу жұмыстары желтоқсанның соңында аяқталады. Демек,оқушылар тағы бір тоқсан жұрт есігін сағалай тұрады. Бұлай дейтініміз, қазірмектеп оқушылары (қыздар!) көрші гимназияға барып оқып жүр. Жұрт қыздар мектебідеп, өзгелерден оқшаулап, арнайы берген мектептің оқушылары енді өзге, ұл-қызыаралас гимназияда оқуға мәжбүр. Жергілікті билік қыздарға ер балалармен қосылыпоқығанды көрсеткісі келген болар, сірә.

Қыздарды бұлайқаңғытып жіберуге себеп болған – сол баяғы мердігерлер. Қандай жағдай болса дабар кінәні мердігерлерге аударуға үйреніп алған әкімдіктегілер олардан бірдеңеталап етуге қауқарсыз. Бұл мектепті жөндеу жұмысы мамыр айында басталуға тиісболған. Бірақ, мердігерлер бір-бірімен соттасқандықтан тендердің қорытындысықыркүйекте ғана шығыпты. Теміртауда мердігер екі компания соттасып, қолдарытимей жатқандықтан күзге дейін күткен болып тұр ғой. Басқа құрылыс компанияларыжоқ қой, қайтсін!

Ол ол ма, жоғарыдаайтылған №16 мектеппен қоса №24 мектептің жағдайы бұдан да қиын болатын жайыбар. Өйткені, бұл екі мектепті жөндеуді бір мердігер мойнына алған. Бірақ, істісоңына жеткізе алар түрі жоқ. Яғни, жыл соңына дейін бітпейді. Биліктегілержөндеу жұмыстарын келесі жылға қалдыруымыз мүмкін деп отыр. Яғни игерілмегенбюджет қаражатын кері қайтарады. Сосын келесі жылы «былтырғы ақшаны бересалсаңыздар» деп тағы қол жаймақ.

— Біз оларға ештеңежасата алмай отырмыз. Сотқа да беріп көрдік. Алайда олар өз міндеттерінорындамай отыр. Мердігер 1 тамызға дейін жұмысты аяқтамақшы еді. Жұмыс істепжатыр, бірақ өте баяу, — дейді Теміртау қалалық білім бөлімінің шаруашылықбойынша бастығы Ерік АБДИХАШЕВ.

Білім басқармасыТеміртаудағы төрт мектептен басқаларында жөндеу жұмыстарының аяқталғанын айтады.Алайда, бейресми деректер бойынша Қарағандыдағы мүмкіндігі шектеулі балаларғаарналған мектеп-интернаттағы жөндеу жұмыстары да әлі аяқталмаған көрінеді. Төртмектебінде бірдей оқушылар ғана емес, құрылысшылар да жүретін Теміртауқаласында қандай жағдайға да таңғалуға болмайды.

Фотоларды автор ұсынды

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега